РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2018 жылғы 29 қазандағы | |
№ 250 қаулысымен | |
бекітілді |
Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банк депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қауіп және (немесе) қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп келтіретін тұрақсыз қаржылық жағдайымен банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банктің (бұдан әрі – банк), бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мақұлдау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Банкті банк депозиторларының және кредиторларының мүдделеріне қауіп және (немесе) қаржылық жүйесінің тұрақтылығына қауіп келтіретін тұрақсыз қаржылық жағдайымен банктер санатына жатқызу жөнінде уәкілетті органның шешімі (бұдан әрі – уәкілетті органның шешімі) банктің уәкілетті органға қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) ұсынуға негіз болып табылады.
2-тарау. Іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны уәкілетті органның мақұлдау тәртібі мен мерзімдері
3. Банк уәкілетті органның шешімі банкке келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органның мақұлдауына іс-шаралар жоспарын ұсынады.
4. Іс-шаралар жоспарында мынадай ақпарат қамтылады:
1) іс-шаралар жоспарының әрбір есепті кезеңінің қорытындысы бойынша жетуге жоспарланып отырған сандық және сапалық параметрлерін көрсете отырып, банктің қаржылық жай-күйін жақсарту бойынша шаралар;
2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды іске асыру тәртібі мен мерзімдері (орындау мерзімдерін және іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалуы туралы аралық есептерін ұсыну мерзімдерін көрсете отырып);
3) іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша оны орындауға жауапты лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) банктің қаржылық жай-күйін жақсарту бойынша жүргізілген іс-шаралардан болжанатын қаржылық нәтижелер;
5) банк қабылдайтын қызметіндегі, оның ішінде Банктер туралы заңның 61-6-бабының 3-тармағында көзделген шектеулер;
6) уәкілетті органның талабы бойынша өзге де ақпарат.
5. Тұрақсыз қаржылық жағдайдың белгілеріне байланысты банктің қаржылық жай-күйін жақсарту жөніндегі шараларда банкті басқарудың тиімділігін арттыруға, банктің кредиттік тәуекелі мен шығыстарын төмендетуге, қаражат тартуға, қаражаттың жылыстауын азайтуға мүмкіндік беретін іс-шаралар кешенін, сондай-ақ банктің қаржылық жай-күйін жақсартатын өзге де іс-шаралар қамтылады.
Банктің қаржылық жай-күйін жақсарту бойынша шаралар қабылдау, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді азайту жөніндегі талап банкке, оның ірі қатысушыларына, банк холдингіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қолданылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Уәкілетті орган банк ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қарау нәтижелерін банкке іс-шаралар жоспары уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
Уәкілетті орган банк ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.
Уәкілетті орган жоспармен келіспеген жағдайда уәкілетті орган және банк іс-шаралар жоспарын толықтырып аяқтау мақсатында бірлесіп талқыға салады. Банк уәкілетті органның ескертуін жою мақсатында іс-шаралар жоспарын пысықтайды немесе жасалған ескертулермен келіспеген жағдайда өз негіздемесін ұсынады.
Бұл ретте уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын мақұлдау мерзімі уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды.