Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 04.02.2020 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) "Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарына босатылым бағалары туралы есеп" (коды 261203237, индексі 1-СМИО, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) "Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарына босатылым бағалары туралы есеп" (коды 261203237, индексі 1-СМИО, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Құрылыс материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың және инженерлiк жабдықтардың босатылым бағасы туралы есеп" (коды 0001202, индексі 1-СМИО, кезеңділігі айлық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14798 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды;
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
Г. Керімханова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігi
Ақпаратты алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді | |
| |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомствоға қарасты мекемесiне ұсынылады
Представляется в подведомственное предприятие Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Статистикалық нысан www.kds.mid.gov.kz , www.crn.kz интернет-ресурстарында орналастырылған
Статистическая форма размещена на интернет-ресурсах www.kds.mid.gov.kz, www.crn.kz
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"
Статистикалық нысан коды 261203237 | Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарына босатылым бағалары туралы есеп | ||||
1-СМИО | Отчет об отпускных ценах на строительные материалы, изделия, конструкции и инженерное оборудование | ||||
Тоқсандық |
Есепті кезең |
тоқсан |
жыл |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші кодтарына сәйкес қызметінің негізгі және (немесе) қосалқы түрлері 02, 08, 16, 19, 20, 22 - 28, 31, 35, 46 болып табылатын іріктемеге түскен заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері ұсынады
Представляют попавшие в выборку юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения с основным и (или) вторичным видами деятельности согласно кодам Общего классификатора видов экономической деятельности: 02, 08, 16, 19, 20, 22 - 28, 31, 35, 46
Ұсыну мерзімі – есепті кезеңнен кейінгі 10-күніне дейін
Срок представления – до 10 числа после отчетного периода
БСН коды | |||||||||
ЖСН коды | |||||||||
1. Заңды тұлғаның (бөлімшенің) орналасқан нақты орнын көрсетіңіз - облыс, қала, аудан, елді мекен | |||||||||
1.2. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінiң (бұдан әрі – ҚР ИДМ ҚТҮКШІК) ведомствоға қарасты мекемесiнiң қызметкері толтырады) | |||||||||
|
Өлшем бірлігі |
ҚР ИДМ ҚТҮКШІК интернет-ресурсында орналастырылған Құрылыс ресурстары жіктеуіші (бұдан әрі – ҚРЖ) бойынша материалдық ресурстың коды1 |
Өндіруші ел |
Ішкі нарықта есептi кезеңде өткізілген материалдық ресурстарға бағаны құн салығын ескере отырып, өлшем бірлігі үшін теңгеде |
ҚРЖ-ға сәйкес заттай өлшем бірлігінде ішкі нарықта есептi кезеңде өткізілген материалдық ресурстардың өткiзу көлемi |
Кәсіпорын өндiретiн материалдық ресурстары бойынша кәсіпорынның өндiрiстiк қуаты ҚРЖ-ға сәйкес жылға заттай өлшем бірлігіндегі |
Материалдық ресурстарды өткізу өңiрi - облыс, республикалық маңызы бар қала | ||
А | Б | В | Г | 1 | 2 | 3 | 4 | ||
Ескертпе
Примечание
13-бағанды материалдық ресурстардың өндірушілерi толтырады
1Графа 3 заполняется производителями материальных ресурсов
Атауы |
Мекенжайы |
Телефоны | |
Электрондық почта мекенжайы (респонденттің) | |
Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келісеміз2 Согласны на распространение первичных статистических данных2 | Алғашқы статистикалық деректерді таратуға келіспейміз2 Не согласны на распространение первичных статистических данных2 |
Орындаушы |
__________ |
Бас бухгалтер |
____________ |
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға |
_____________ |
Ескертпе:
Примечание:
2Аталған тармақ "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес толтырылады
2Данный пункт заполняется согласно пункту 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 8 бұйрығына 2-қосымша |
"Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарына босатылым бағалары туралы есеп" (коды 261203237, индексі 1-СМИО, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы "Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарына босатылым бағалары туралы есеп" (коды 261203237, индексі 1-СМИО, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялар мен инженерлік жабдықтарына босатылым бағалары туралы есеп" (коды 261203237, индексі 1-СМИО, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Мынадай анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) баға – сапасы, сату шарттары және уақыт кезеңі анық белгіленген тауардың, өнімнің немесе қызметтің нақты түріне төленген ақша бірлігінің саны;
2) Құрылыс ресурстарының жіктеуіші – құрылыста пайдаланылатын материалдар, бұйымдар, конструкциялар, инженерлік жабдықтың атаулары мен кодтарының жүйелендірілген жинағын білдіретін ресми құжат;
3) материалдық ресурстар – құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары жəне инженерлік жабдық;
4) өндірістік қуаты – белгілі кезеңде өндірістік бірліктің өнімін (материалдық ресурстарды) мүмкіндігінше барынша шығару;
5) өткізу көлемі – заттай мәндегі (дана, шаршы метр, метр, тонна, текше метр, жинақталым, секция, килоВатт, килограмм, литр, километр) құрылыстық материалдық ресурстардың есепті кезеңде өткізілген көлемі.
3. А, Б, В-бағандарында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған Құрылыс ресурстарының жіктеуішіне сәйкес материалдық ресурстың атауы, өлшем бірлігі және коды көрсетіледі.
Г бағанында материалдық ресурс өндірілген өндіруші ел көрсетіледі.
1-бағанда ішкі нарықта есептi кезеңде өткізілген материалдық ресурстарға баға құн салығын ескере отырып, өлшем бірлігі үшін теңгеде көрсетіледі.
2-бағанда Құрылыс ресурстарының жіктеуішіне сәйкес заттай өлшем бірлігінде ішкі нарықта есептi кезеңде өткізілген материалдық ресурстардың өткiзу көлемi көрсетіледі.
3-бағанда Құрылыс ресурстарының жіктеуішіне сәйкес заттай өлшеу бірлігінде кәсіпорын бір жыл ішінде өндiретiн материалдық ресурстарды дайындау бойынша кәсіпорынның өндірістік қуаты көрсетіледі.
4-бағанда материалдық ресурстардың өткізу өңірі – облыс, республикалық маңызы бар қала көрсетіледі.
4. Егер кәсіпорындар материалдық ресурстарды басқа өлшем бірлік бойынша (мысалы, қиыршықтас – тонна, бетон – тонна) өткізсе, онда нақты өткізу бағасы Құрылыс ресурстарының жіктеуішінде белгіленген өлшем бірлікте қайта есептелінеді.
5. Кәсіпорынның біржолғы тапсырыс бойынша өткізген материалдық ресурстарға бағасы тіркеуге жатпайды.
6. Есеп сканерленген түрде электрондық форматта және қарастырылған қолдары мен мөрлері бар қағаз жеткізгіште ұсынылады.