"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 - бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 27 қарашада № 181 (1407) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мамандар).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
2) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
3) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
4) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
5) өтініш беруші – туристік қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
6) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымында оқитын адам.
2-тарау. Туристік қызмет саласындағы мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібі
3. Мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұдан әрі - білім беру ұйымдары).
4. Білім беру ұйымдары мамандардың қайта даярлау және біліктілігін арттыру, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10500 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 78 бұйрығымен бекітілген Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптармен (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес жүзеге асырады.
5. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру курс нысандарында өтетін, сабақтар түрінде өткізіледі.
6. Курстардың ұзақтығы оқу бағдарламаларымен анықталады.
7. Білім беру ұйымы күнтізбелік оқу жылына курстардың кестесін, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын жасайды және бекітеді және Талаптарда көрсетілген құжаттармен қоса Туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.
8. Мамандарды қайта даярлау және олардын біліктілігін арттыру оқу жоспарына және оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.
9. Қайта даярлау және олардын біліктілікті арттырудан өту үшін өтініш беруші білім беру ұйымына осы Қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді жолдайды.
10. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен тыңдаушыларға осы Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сертификат беріледі.
ӨТІНІМ
Туристік қызмет саласындағы мамандарды
________________________________________________________________________
(қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)
өту үшін:
Р/с № | Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда) | Лауазымының толық атауы | Тақырыбы, спорт түрі | Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні) | Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) | |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
___________________________________ | ______________________________ (жеке және заңды тұлға үшін – қолы) |
Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру Қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан | |
____________________________ (оқу өткізетін ұйымның атауы) |
Сертификат №___
Осы сертификат ______________________________________________ берілді,
(Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)
ол туристік қызмет саласындағы
_______________________________________________________________________
(қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)
бойынша курстан
"___" __________________ бастап "___" ______________________________ дейін
___________________________________________________________________
____________ сағат көлемінде өтті.
________________________________ __________
(Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда) (қолы)
оқу өткізетін ұйым басшысы
лауазымының толық атауы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________ Мөр орны
(Болған жағдайда)