Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18082 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының мынадай:

      1) "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6276 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 28 тамызда № 351-352 26195 жарияланған);

      2) "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жана технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 14 тамыздағы № 250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8650 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 268 (28207) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 919 бұйрығымен
бекітілген

Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату тәртібін айқындайды.

      2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі – ТК) ТК-ға бекітілген салада ұлттық стандарттау жүйесін дамыту үшін ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ерікті қатысуының қағидаттары негізінде экономика салаларында құрылады.

      Стандарттау жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – СҰО) базасында ТК-ны құру рұқсат етіледі.

      3. ТК-ны құру, қызметін үйлестіру, тарату, сондай-ақ ұлттық стандарттау жүйесінің тізбесіне енгізуді СҰО жүзеге асырады.

      4. ТК-ны құруға өтінім берушілер тиісті салада ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері бола алады.

      5. ТК-ның құрамына тиісті салада ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің өкілдері кіреді.

      ТК-ның құрамына ТК жұмысының айқындығын қамтамасыз ету үшін ТК отырыстарында дауыс беру құқығынсыз тәуелсіз сарапшы-бақылаушы ретінде СҰО өкілі қосылады.

      6. Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері СҰО-ға берілген өтінімі негізінде ТК-ның құрамына кіреді және ТК құрамынан шығады.

      7. ТК қызметіне екі жыл бойы қатыспаған ТК мүшелері ТК құрамынан шығарылады және ТК отырысының хаттамасы негізінде СҰО шешімі бойынша басқа мүдделі өкілдермен ауыстырылады.

      8. ТК-ның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оның базалық ұйымы жүзеге асырады.

      9. ТК қызметін қамтамасыз ету, хат-хабар жүргізу, ТК отырысына құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында төраға, оның орынбасары (қажет жағдайда), жауапты хатшысынан және шет тілін білетін сарапшыдан тұратын хатшылық жұмыс істейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 01.12.2023 № 416-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Хатшылық ТК-ның қызметін үйлестіру, хат-хабарларды жүргізу, құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында ТК-ның мүшелері арасында базалық ұйымнан тағайындалады. ТК төрағасының және оның орынбасарының функциялары ҚР СТ 1.15 "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және жұмыс істеу тәртібі" (бұдан әрі – негізге алынатын ұлттық стандарт) стандартында айқындалған.

      11. Хатшылық базалық ұйым бланкінде немесе базалық ұйым деректемелерімен ТК бланкінде хат-хабар жүргізеді.

      12. ТК қызметі ҰСО ресми сайтында орналастырылған "Электрондық техникалық комитеттер" (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) ақпараттық жүйе арқылы немесе жазбаша хат-хабар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      Ақпараттық жүйе арқылы ТК жұмысының тәртібі негізге алынатын ұлттық стандартпен белгіленеді.

2-тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетін құру тәртібі

      13. ТК қолданыстағы ТК-мен стандарттау объектілерін олардың қайталануын болдырмау жағдайында құрылады.

      14. ТК-ны құру туралы өтінішті ТК құру қажеттігі мен орындылығы туралы негіздемесін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе ТК-ны құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмыс істеуіне жағдай жасау мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараты бар толық және қысқартылған атауы көрсетіліп, еркін нысанда ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектісі СҰО-ға жібереді.

      Өтінімге мыналар:

      1) ТК-ға бекітілген стандарттау объектілерінің тізбесі немесе ТК қызметінің саласы;

      2) ТК-ның жұмыс жоспары;

      3) ТК жұмысына қатысуға ресми (жазбаша) келісімі бар ТК-ға мүше ұйымдар тізбесі;

      4) оның базасында ТК құрылатын ұйымның (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған) құрылтай құжатының көшірмесі қоса беріледі.

      15. Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінен өтінімді алған сәттен бастап, СҰО аталған салада ТК болмауына және ұсынылған ақпараттың нақтылығына өтінімді күнтізбелік 30 күн ішінде қарастырады.

      16. Өтінімді қарастыру қорытындысы бойынша СҰО:

      1) ТК-ны құру туралы;

      2) негізделген ескертулер мен оларды жоюға мерзімдерін көрсетіп өтінім беруші ұйымға өтінімді пысықтауға қайтару туралы;

      3) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен өтінімді қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      17. СҰО ТК-ға сәйкестендіру (реттік) нөмір мен атау береді. Техникалық комитеттің белгілеуі "ТК" әріптері мен сәйкестендіру нөмірінен (мысалы: ТК 156) тұрады.

      18. ТК туралы мәліметтер ұлттық стандарттау жүйесінің тізбесіне енгізіледі.

      19. ТК-ны құрған күннен бастап екі ай ішінде ТК хатшысы ТК ережесі мен құрылымын дайындайды және СҰО-ға келісуге жібереді.

      20. ТК құрылымы ерікті нысанда мынадай құжаттардың қосымшаларымен бірге ұсынылады:

      1) ТК төрағасы, төраға орынбасары, жауапты хатшысынан тұратын ТК хатшылығының құрамы;

      2) кіші комитеттердің (бұдан әрі – КК) (бар болса) құрамы туралы мәліметтер;

      3) әрбір КК стандарттау (қызмет ету салалары) объектілері, оның құрамы және хатшылық мекенжайы көрсетілетін КК тізбесі (бар болса).

      21. ТК-да стандарттау салаларының нақты бір бағытында бір немесе бірнеше КК құру рұқсат етіледі.

      22. Әрбір КК өзінің меншікті сәйкестендіру (реттік) нөмірі мен атауы беріледі. КК белгісі ТК белгісінен, көлбеу сызық, "КК" әріптерінен, КК нөмірінен және оның атауынан тұрады. Қысқаша атауы атаусыз белгілерді қамтиды (мысалы: ТК 156/КК 1).

      23. КК құрылымын, құрамын өзгерту ТК отырыстарында бекітіледі. ТК хатшылығы КК құрылымы, құрамын өзгертуді бекіткеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде тиісті ақпаратты СҰО жолдайды.

      24. ТК ережесі мен құрылымын СҰО келісілгеннен кейін ТК төрағасы бекітеді және ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      25. ТК қызметіне қатысты барлық өзгерістер ТК отырысынан және ТК төрағасы отырыс хаттамасын бекіткеннен кейін СҰО күнтізбелік 30 күн ішінде келісіледі.

3-тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің жұмыс істеу тәртібі

      26. ТК-ның жұмысы шет елдермен тауарлық өнім (технологиялар, көрсетілетін қызметтер) алмасу кезінде техникалық кедергілерді болдырмау үшін ұлттық стандарттардың сапалы деңгейін арттыруға бағытталған.

      ТК мынадай функцияларды ұйымдастырады және жүзеге асырады:

      1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады және оларды әзірлейді;

      2) бекітіп берілген қызмет саласына сәйкес ұлттық стандарттар жобаларының мазмұнын стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелерімен техникалық талқылауды ұйымдастырады;

      3) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) мемлекеттік органдарға, заңды немесе жеке тұлғаларға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша базалық ұйым атынан сұрау салулар жолдайды;

      5) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысады;

      6) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады;

      7) бекітіп берілген стандарттау объектілері бойынша мониторингті жүзеге асырады;

      8) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      27. Ұлттық стандарттарды әзірлеген жағдайда ТК жоба мазмұнына міндетті техникалық талқылау өткізеді.

      28. Жоба мазмұнын техникалық талқылау мынадай процестерді қамтиды:

      1) ұлттық стандарт жобасында ұсынылған терминология талданады;

      2) ұлттық стандартты енгізуге техникалық дайындық анықталады;

      3) техникалық талаптардың қолданыстағы ұлттық стандарттарда қайталануы талданады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне талдау жүргізіледі;

      5) ғылыми зерттеулердің болуы зерделенеді.

      29. ТК-ның мүшелері ТК отырыстарында жоба мазмұнын техникалық талқылау шеңберінде ерікті өз пікірін білдіреді.

      30. ТК мүшелерінің барлық ұстанымы хаттамада белгіленеді, оған ТК төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттама стандарт ісін толықтыру үшін СҰО мен ұлттық стандарт жобасын әзірлеушіге жолданады.

      31. ТК жұмыс жоспары жоспарланған жұмыстарды орындайтын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін СҰО жіберіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 01.12.2023 № 416-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. ТК қызметі туралы есеп жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынылады.

      СҰО ТК-ның қызметіне талдау өткізеді, оның қорытындысы бойынша ҚР Ұ 50.1.7 "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне" сәйкес рейтингілік баға айқындалады.

      33. Хатшылық негізге алынатын ұлттық стандартта айқындалған функцияларды тиісті орындамаған жағдайда, СҰО хатшылықты жүргізуді ТК мүше - ұйымдармен келісе отырып, осы ТК құрамына кіретін басқа ұйымға хатшылық қызметін беру туралы шешім қабылдайды.

      34. Базалық ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде, тиісті ақпаратты хатшылық сәйкес шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде СҰО жібереді.

      35. ТК халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК-ның өзара іс-қимылы СҰО арқылы жүзеге асырылады.

      36. ТК-ның халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК кіруі үшін өтінім СҰО жолданады.

      37. ТК-ның халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК өзара іс-қимылы бойынша жұмыстарды жүргізу үшін міндетті шарт халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК хатшылығынан түсетін стандарттардың жобаларын аудару үшін стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми тіліне сәйкес келетін шетел тілін білетін маман болуы қажет.

      38. Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК құрамына кірген ТК мынадай функциялар атқарады:

      1) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарастырады және олар бойынша ұсыныстар мен ескертулерді СҰО ұсынды;

      2) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;

      3) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу кезінде қатысатын сарапшылар мен қадағалаушыларды ұсынады;

      4) стандарттау жөніндегі құжаттар жобалары бойынша дауыс беру сатыларында тиісті қорытынды әзірлейді және оларды СҰО жолдайды;

      5) халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК отырыстарына қатысады.

4-тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетін тарату тәртібі

      39. ТК мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;

      2) ТК бастамасы бойынша (негіздемесімен);

      3) қанағаттанарлықсыз рейтингтік бағалау кезінде, сондай-ақ екі жыл ішінде жыл қорытындысы бойынша ТК қызметі туралы есеп ұсынылмаған кезде таратылады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 01.12.2023 № 416-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде ТК тарату негізге алынатын ұлттық стандартта белгіленген тәртіппен СҰО шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      41. ТК-ның бастамасы бойынша, ТК-дан тиісті өтінім келіп түскеннен кейін СҰО күнтізбелік 15 күн ішінде шешім қабылдайды.

      42. СҰО екі жыл ішіндегі жылдық қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз рейтингілік баға айқындалғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде ТК-ны тарату туралы шешім қабылдайды.

      43. ТК-ны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тиісті ақпарат ақпараттық жүйеге орналастырылады.


Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 919. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2018 года № 18082.

      Примечание РЦПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 11 апреля 2019 года.

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 5 октября 2018 года "О стандартизации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации.

      2. Признать утратившими силу следующие приказы исполняющего обязанности Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан:

      1) от 23 апреля 2010 года № 42 "Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6276, опубликован 4 сентября 2010 года в газете "Казахстанская правда" № 233 (26294);

      2) от 14 августа 2013 года № 250 "О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 42 "Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8650, опубликован 5 декабря 2013 года в газете "Казахстанская правда" № 330 (27604).

      3. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 11 апреля 2019 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 26 декабря 2018 года № 919

Правила создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 5 октября 2018 года "О стандартизации" и определяют порядок создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации.

      2. Технические комитеты по стандартизации (далее – ТК) создаются в отраслях экономики на основе принципов добровольного участия субъектов национальной системы стандартизации для развития национальной системы стандартизации в закрепленной за ТК отрасли.

      Допускается создание ТК на базе Национального органа по стандартизации (далее – НОС).

      3. Создание, координация деятельности, ликвидация ТК, а также включение в реестр национальной системы стандартизации осуществляется НОС.

      4. Заявителями на создание ТК могут быть заинтересованные субъекты национальной системы стандартизации в соответствующей отрасли.

      5. В состав ТК входят представители заинтересованных субъектов национальной системы стандартизации в соответствующей отрасли.

      В состав ТК также включается представитель НОС как независимый эксперт-наблюдатель для обеспечения прозрачности работы ТК без права голоса на заседаниях ТК.

      6. Заинтересованные субъекты национальной системы стандартизации входят в состав и исключаются из состава ТК на основании заявления, поданного в НОС.

      7. Члены ТК, не принимающие участие в деятельности ТК в течение двух лет, выводятся из состава ТК и заменяются другими заинтересованными представителями по решению НОС на основании протокола заседания ТК.

      8. Информационно-аналитическое и организационное обеспечение деятельности ТК осуществляется его базовой организацией.

      9. В целях обеспечения деятельности ТК, ведения переписки, подготовки и оформления документов заседаний ТК действует секретариат, который состоит из председателя, его заместителя (при необходимости), ответственного секретаря и эксперта со знанием иностранного языка.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра торговли и интеграции РК от 01.12.2023 № 416-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Секретариат назначается от базовой организации из числа членов ТК с целью координации деятельности ТК, ведения переписки, подготовки и оформления документов. Функции председателя ТК и его заместителя определены в СТ РК 1.15 "Технические комитеты по стандартизации. Порядок создания и функционирования" (далее - основополагающий национальный стандарт).

      11. Секретариат ведет переписку на бланке базовой организации или на бланке ТК с реквизитами базовой организации.

      12. Деятельность ТК осуществляется через информационную систему "Электронные технические комитеты" (далее – информационная система) размещенную на официальном сайте НОС или путем письменной переписки.

      Порядок работы ТК через информационную систему устанавливаются основополагающим национальным стандартом.

Глава 2. Порядок создания технического комитета по стандартизации

      13. ТК создается при условии отсутствия дублирования объектов стандартизации с действующими ТК.

      14. Заявка на создание ТК направляется в НОС заинтересованным субъектом национальной системы стандартизации в произвольной форме с указанием обоснования о необходимости и целесообразности создания ТК, а также полным и сокращенным наименованием юридического лица, на базе которого предлагается создание ТК с подробной информацией о его деятельности и возможностях для создания условий работы ТК.

      К заявке прилагаются:

      1) перечень объектов стандартизации, закрепляемых за ТК или область деятельности ТК;

      2) план работы ТК;

      3) перечень организаций - членов ТК с официальным (письменным) согласием на участие в работе ТК;

      4) копия учредительного документа (нотариально заверенная в случае непредставления оригинала для сверки) организации, на базе которой создается ТК.

      15. С момента получения заявки от заинтересованных субъектов национальной системы стандартизации, НОС в течение 30 календарных дней рассматривает заявку на предмет отсутствия ТК в указанной области и достоверности представленной информации.

      16. По итогам рассмотрения заявки НОС принимает решение:

      1) о создании ТК;

      2) о возврате заявки на доработку в организацию-заявитель с указанием обоснованных замечаний и сроков на их устранение;

      3) об отклонении заявки с мотивированным обоснованием причин отклонения.

      17. НОС присваивает ТК идентификационный (порядковый) номер и наименование. Обозначение технического комитета включает буквы "ТК" и идентификационный номер (например: ТК 156).

      18. Сведения о ТК вносятся в реестр национальной системы стандартизации.

      19. В течение двух месяцев со дня создания ТК секретариат подготавливает и направляет в НОС положение и структуру ТК на согласование.

      20. Структура ТК представляется в произвольной форме со следующими приложениями документов:

      1) составом секретариата ТК, включающим председателя, заместителя председателя, ответственного секретаря ТК;

      2) сведениями о составе подкомитетов (далее - ПК) при наличии;

      3) перечнем ПК (при наличии) с указанием объектов стандартизации (областей деятельности) каждого ПК, его состава и адреса секретариата.

      21. В ТК допускается создание одного или нескольких ПК в определенном направлении области стандартизации.

      22. Каждому ПК присваивается собственный идентификационный (порядковый) номер и наименование. Обозначение ПК включает обозначение ТК, косую черту, буквы "ПК", номер ПК и его наименование. Краткое обозначение включает те же признаки без наименования (например; ТК 156/ПК 1).

      23. Изменение структуры, состава ПК утверждается на заседаниях ТК. Секретариат ТК направляет соответствующую информацию НОС в течение 10 календарных дней после утверждения изменения структуры, состава ПК.

      24. Положение и структура ТК после согласования с НОС утверждаются председателем ТК и размещаются в информационной системе.

      25. Все изменения, касающиеся деятельности ТК, согласовываются с НОС в течение 30 календарных дней после заседания ТК и утверждения протокола заседания Председателем ТК.

Глава 3. Порядок работы технического комитета по стандартизации

      26. Работа ТК направлена на повышение качественного уровня национальных стандартов для снятия технических барьеров при торговом обмене продукцией (технологиями, услугами) с зарубежными странами.

      ТК организует и осуществляет следующие функции:

      1) принимают участие в разработке документов по стандартизации и разрабатывают их;

      2) организуют техническое обсуждение содержания проектов национальных стандартов в соответствии с закрепленной областью деятельности с членами технического комитета по стандартизации;

      3) вносят предложения по формированию национального плана стандартизации;

      4) направляют запросы в государственные органы, юридическим или физическим лицам по вопросам, входящим в их компетенцию, от имени базовой организации;

      5) участвуют в научных исследованиях в сфере стандартизации;

      6) участвуют в работе технических комитетов по стандартизации международных и региональных организаций по стандартизации;

      7) осуществляют мониторинг в сфере стандартизации по закрепленным объектам стандартизации;

      8) осуществляют иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан в сфере стандартизации.

      27. При разработке национальных стандартов, ТК проводит обязательное техническое обсуждение содержания проектов.

      28. Техническое обсуждение содержания проектов включает следующие процессы:

      1) анализируется терминология, предложенная в проекте национального стандарта;

      2) определяется техническая готовность к внедрению национального стандарта;

      3) анализируются технические требования на предмет дублирования с действующими национальными стандартами;

      4) проводится анализ на предмет соответствия законодательству Республики Казахстан;

      5) изучение на предмет наличия научных исследований.

      29. Члены ТК выражают свою позицию произвольно в рамках технического обсуждения содержания проектов на заседаниях ТК.

      30. Все позиции членов ТК отражаются в протоколе, который подписывается председателем и секретарем ТК. Протокол направляется в НОС и разработчику проекта национального стандарта для комплектности дела стандарта.

      31. Планы работ ТК направляются в НОС до 15 декабря года, предшествующего году выполнения планируемых работ.

      Сноска. Пункт 31 - в редакции приказа Министра торговли и интеграции РК от 01.12.2023 № 416-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      32. Отчет о деятельности ТК по итогам года представляется в НОС до 5 января года следующего за отчетным периодом.

      НОС проводит анализ деятельности ТК, по итогам которого определяется годовая рейтинговая оценка согласно Р РК 50.1.7 "Методика оценки эффективности деятельности технических комитетов по стандартизации".

      33. В случае ненадлежащего исполнения секретариатом функций, определенных в основопологающем национальном стандарте, НОС принимает решение о передаче функций секретариата другой организации, входящей в состав данного ТК, по согласованию с организациями – членами ТК.

      34. При реорганизации или ликвидации базовой организации соответствующая информация направляется секретариатом в НОС в течение 30 календарных дней с момента принятия соответствующего решения.

      35. Взаимодействие ТК с ТК международных организаций по стандартизации, межгосударственными ТК осуществляется через НОС.

      36. Для вступления ТК в ТК международных организаций по стандартизации, межгосударственных ТК заявка направляется в НОС.

      37. Для проведения работ по взаимодействию ТК с ТК международных организаций по стандартизации обязательным условием является наличие в составе специалистов со знанием иностранного языка, соответствующего официальному языку международных организаций по стандартизации для перевода проектов стандартов, поступающих из секретариата ТК международных организаций по стандартизации.

      38. ТК, вступивший в состав ТК международной организации по стандартизации, межгосударственного ТК, выполняет следующие функции:

      1) рассматривает проекты документов по стандартизации и представляет предложения и замечания по ним в НОС;

      2) принимает участие в разработке документов по стандартизации;

      3) предоставляет экспертов и наблюдателей для участия при разработке документов по стандартизации;

      4) подготавливает соответствующее заключение на этапах голосования по проектам документов по стандартизации и направляет в НОС;

      5) принимает участие в заседаниях ТК международной организации по стандартизации, межгосударственного ТК.

Глава 4. Порядок ликвидации технического комитета по стандартизации

      39. ТК ликвидируется в следующих случаях:

      1) при невыполнении функций, указанных в настоящих Правилах и в основополагающем национальном стандарте;

      2) по инициативе ТК (с обоснованием);

      3) при неудовлетворительной рейтинговой оценке, а также при не предоставлении отчета о деятельности ТК по итогам года в течение двух лет.

      Сноска. Пункт 39 - в редакции приказа Министра торговли и интеграции РК от 01.12.2023 № 416-НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      40. При невыполнении функций, указанных в настоящих Правилах и в основополагающем национальном стандарте, ликвидация ТК осуществляется по решению НОС в порядке, установленном в основополагающем национальном стандарте.

      41. По инициативе ТК, НОС принимает решение о ликвидации ТК в течение 15 календарных дней после поступления соответствующего заявления от ТК.

      42. НОС принимает решение о ликвидации ТК в течение 30 календарных дней после определения неудовлетворительной рейтинговой оценки ТК по итогам года в течение двух лет.

      43. При принятии решения о ликвидации ТК соответствующая информация размещается в информационной системе.