"Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 14 тамыздағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8650 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.12.2018 № 919 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6276 тіркелген, 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 233 (26294) "Казахстанская правда", 2010 жылғы 28 тамыздағы № 351-352 (26195) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ТК мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу, жобалық-құрастырылымдық және технологиялық институттардың, құрастырылымдық бюролардың және ұйымдардың, өндірушілер мен тұтынушылардың, қауымдастықтардың (олар ТК қызметі саласында құрылған жағдайда), сондай басқа мүдделі тараптардың өкілдерінен тұрады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. ТК құрамы мүдделі тараптардың өкілдерінің тең санын есепке ала отырып құрылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген ТК мүшелері ТК Төрағасының келісімімен уәкілетті органға берілген жазбаша өтініш негізінде ТК құрамына кіреді және құрамынан шығады. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. ТК қызметіне 2 жыл бойы қатыспаған ТК мүшелері ТК құрамынан шығарылады және уәкілетті өкілдердің - ТК мүшелері отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша басқа мүдделі өкілдермен ауыстырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Базасында ТК бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде, ТК мүшелерінің байланыс деректері өзгерген жағдайда, хатшылық ақпаратты қайта ұйымдастырылған күннен бастап немесе осындай өзгерістер түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға жібереді.";

      24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. ТК жұмысы отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ шетел мемлекеттерімен өнімдермен (технологиялармен, көрсетілетін қызметтермен) сауда мақсатында алмасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін ұлттық стандарттардың сапалық деңгейін көтеруге, оларды халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған.

      25. Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай функцияларды ұйымдастырып, жүзеге асырады:

      1) бекітілген объектілер бойынша және қызмет бағыттары бойынша

      мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын

      анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарын және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және олар енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге және сараптауға қатысу;

      3) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу

      бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) мемлекеттік стандарттау бойынша жыл сайынғы жұмыс жоспарлары

      мен бағдарламаларына ұсыныстар әзірлеу.";

      30, 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. ИСО/ТК немесе ХЭК/ТК, ТК-нің өзара әрекеті бойынша жұмыстарды жүргізу үшін ТК штатында ИСО/ТК немесе ХЭК/ТК хатшылығынан түсетін стандарттардың жобаларын аудару үшін ИСО немесе ХЭК стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми тіліне сәйкес келетін шетел тілін білетін маман болуы қажет.

      31. Уәкілетті орган халықаралық және мемлекетаралық ТК-мен хат жазысуды жүзеге асырады және ИСО немесе ХЭК стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми тіліне сәйкес келетін шетел тіліндегі стандарттардың жобаларын ТК-ға қарауға жібереді.";

      32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) пікір жинауға жіберілген стандарттардың жобаларын қарастырады, және ұсыныстар мен ескертулерді уәкілетті органға қайтарусыз ұсынады;";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТК мынадай жағдайларда таратылады:

      1) осы Ереженің 3-тарауында көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;

      2) егер ТК құруды жүзеге асыру үшін барлық жұмыстар орындалған болса;

      3) ТК бастамасы бойынша;

      4) ТК қызметі туралы есептерді 2 жыл бойы ұсынбаған кезде.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Индустрия және жаңа


технологиялар министрінің


міндетін атқарушы

А. Рау


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады