"Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 380-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 қарашада № 35379 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 919 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18082 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату тәртібін айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінен өтінімді алған сәттен бастап, СҰО аталған салада ТК болмауына және ұсынылған ақпараттың нақтылығына өтінімді 10 жұмыс күні ішінде қарастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады