Байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18096 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Көшкімбаев Н.Ж.) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 22 бұйрығымен бекітілген

Байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда ұғымдар Заңда және "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерде, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      абоненттік нөмір – басқа абоненттік құрылғыларымен қосылу кезінде жергілікті телекоммуникация желісіне қосылған абоненттік құрылғы сәйкестендірілетін байланыс қызметтерін көрсету туралы шартты жасасу кезінде абонентке бөлінетін телефон нөмірі;

      мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      респондент бойынша байланыс деректері – байланыс операторы немесе ұялы байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде жеке немесе заңды тұлғаға бөлген абоненттік нөмірі;

      сәйкестендіру нөмірі – ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтер туралы жазбаларды жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық символдардың тізбектілігі түрінде көрініс тапқан жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН).

2-тарау. Респонденттер бойынша байланыс деректерін алу тәртібі

      3. Респонденттер бойынша байланыс деректерін алуды уәкілетті органның ведомствосы Заңның 19-бабының тиісті жылға тәртібімен бекітілетін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде статистикалық тіркелімдерде байланыс деректері жоқ респонденттерді іздестіру мақсатында жүзеге асырады.

      4. Статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру респонденттердің байланыс деректері бойынша мынадай:

      1) алғашқы статистикалық деректер;

      2) уәкілетті орган ведомствосының сауалдары негізінде байланыс операторлары және ұялы байланыс операторларынан байланыс деректері көмегімен жүзеге асырылады.

      5. Респонденттер бойынша байланыс деректерін алғашқы статистикалық деректер арқылы алған жағдайда байланыс операторларына және ұялы байланыс операторларына (бұдан әрі - операторлар) Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6459 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларында көзделген тәртіп таралады.

      6. Респонденттер бойынша байланыс деректерін сауалдар арқылы алған жағдайда уәкілетті орган ведомствосы жылына екі рет операторларға респонденттер бойынша байланыс деректерін ұсыну туралы ресми сауал жолдайды. Респонденттердің сәйкестендіру нөмірлері (БСН немесе ЖСН) көрсетілген сұраныс 1-20маусым, 1-20 желтоқсан аралығындағы кезеңде құрылады.

      7. Уәкілетті органның ведомствосы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің (респонденттер) сәйкестендіру нөмірлерінің тізімін осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес қалыптастырады және бір мезгілде ресми сауалмен бірге жылына екі рет 1-20 маусымға және 1-20 желтоқсанға дейінгі мерзімдерде сыртқы дереккөздерден деректерді жүктеу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "е-Статистика" ИАЖ) Интеграциялық компонент (бұдан әрі - ИК) сервисі арқылы xml форматында (xls, csv, dbf немесе өзге қолжетімді форматтарда) деректерді жүктейді.

      8. Операторлар көрсетілген ресми сауалды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес респонденттер бойынша байланыс деректерінің тізімін ұсынады.

      Операторлар респонденттер бойынша байланыс деректері бар болған жағдайда уәкілетті орган ведомствосы ұсынған сыртқы дереккөздерден деректерді жүктеу бойынша ИК сервисі арқылы "е-Статистика" ИАЖ-да деректерді қалыптастырады және xml форматында (xls, csv, dbf немесе өзге қолжетімді форматтарда) жүктейді.

3-тарау. Мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

      9. Респонденттер бойынша операторлардан алынған байланыс деректері Заңға сәйкес статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру және тек қана статистикалық мақсаттарда (респонденттерді іздеу үшін) ғана пайдаланылады.

      10. Респонденттер бойынша байланыс деректерін алу немесе беру бойынша жауапты тұлғалар алынған ақпараттың тек тікелей мақсаты бойынша және оны ұсынған тарапқа зиян келтірмей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз ұсынылатын ақпараттың толықтығын, анықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес респонденттер бойынша байланыс деректерін заңсыз жариялағаны үшін жауапқа тартылады.

      11. Операторлардан алынатын ақпараттың құпиялылығы Заңның 8-бабына және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабына сәйкес қамтамасыз етіледі.

  Байланыс операторларынан
респонденттер бойынша
байланыс деректерін алу
қағидасына
1-қосымша
  Нысан

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің (респонденттер) сәйкестендіру нөмірлерінің тізімі ("е-Статистика" ИАЖ-дан берілетін мәліметтер)

№ р/с

БСН

ЖСН

1



2



3



  Байланыс операторларынан
респонденттер бойынша
байланыс деректерін алу
қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Респонденттер бойынша байланыс деректерінің тізімі (Операторлар беретін мәліметтер)

№ р/с

БСН*

ЖСН**

Абоненттік нөмірі***1

Оператор атауы****

1





2





      Сәйкестендіруші - №, типі (өлшемі) - мәтіндік (10), форматы - цифрлар 0,…,9;

      *- Ағылшын тіліндегі атрибут – BІN, типі (өлшемі) - мәтіндік (16), форматы - цифрлар 0,…,9;

      **- Ағылшын тіліндегі атрибут – ІІN, типі (өлшемі) - мәтіндік (16), форматы - цифрлар 0,…,9;

      ***- Ағылшын тіліндегі атрибут – PHONE, типі (өлшемі) - мәтіндік (100), форматы - 8 (7172) ХХ-ХХ-ХХ; 8 (777) ХХХ-ХХ-ХХ;

      ****- Ағылшын тіліндегі атрибут – NAME, типі (өлшемі) - мәтіндік (20), форматы - мәтіндік (20).

      Ескертпе:

      - стационарлық номерлер бойынша қала, аудан немесе елдімекен кодын көрсетумен

      (мысалы: 8 (7172) ХХ-ХХ-ХХ);

      - ұялы номерлер бойынша оператор кодын көрсетумен (мысалы: 8 (777) ХХХ-ХХ-ХХ).

Об утверждении Правил получения контактных данных по респондентам от операторов связи

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 22. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2018 года № 18096

      В соответствии с подпунктом 15-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила получения контактных данных по респондентам от операторов связи.

      2. Управлению статистических регистров и классификаций совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Управлению статистических регистров и классификаций Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных подразделений и территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Кошкимбаев Н.Ж.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Председатель Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство информации и коммуникаций
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Председателя Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
от 28 декабря 2018 года № 22

Правила получения контактных данных по респондентам от операторов связи

Глава 1. Общие положения

      1. Правила получения контактных данных по респондентам от операторов связи (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 15-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" (далее – Закон) и определяют порядок получения контактных данных по респондентам от операторов связи.

      2. В Правилах используются понятия в значениях, определенных в Законе и в Законе Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи", а также следующие определения:

      абонентский номер – телефонный номер, выделяемый абоненту при заключении договора об оказании услуг связи, по которому идентифицируется абонентское устройство, подключенное к местной сети телекоммуникаций при соединении с ним других абонентских устройств;

      ведомство уполномоченного органа, в области государственной статистики (далее – ведомство уполномоченного органа) – государственный орган, осуществляющий возложенные на него функции и реализующий государственную политику в области государственной статистики;

      контактные данные по респонденту – абонентский номер физического или юридического лица, выделяемый оператором связи или оператором сотовой связи на основании договора об оказании услуг связи;

      идентификационный номер – индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) или бизнес идентификационный номер (далее – БИН), выраженный в виде последовательности цифровых символов, позволяющих произвести записи о сведениях, относящихся к определенному лицу, в национальных реестрах идентификационных номеров.

Глава 2. Порядок получения контактных данных по респондентам

      3. Получения контактных данных по респондентам ведомством уполномоченного органа осуществляется в целях поиска респондентов, по которым при проведении общегосударственных статистических наблюдений в соответствии с графиком представления респондентами первичных статистических данных, утверждаемым в установленном в статье 19 Закона порядке на соответствующий год, отсутствуют контактные данные в статистических регистрах.

      4. Актуализация статистических регистров по контактным данным респондентов осуществляется с помощью следующих данных:

      1) первичных статистических данных;

      2) контактных данных от операторов связи и операторов сотовой связи на основании запросов ведомства уполномоченного органа.

      5. В случае получения контактных данных по респондентам путем первичных статистических данных, на операторов связи и операторов сотовой связи (далее – операторы) распространяется порядок, предусмотренный в Правилах представления респондентами первичных статистических данных, утвержденный приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 июля 2010 года № 173, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6459.

      6. В случае получения контактных данных по респондентам путем запросов, ведомство уполномоченного органа два раза в год направляет официальный запрос операторам о предоставлении контактных данных по респондентам. Запрос составляется в период с 1 по 20 июня и с 1 по 20 декабря, в котором указываются идентификационные номера респондентов (БИН или ИИН).

      7. Ведомство уполномоченного органа формирует список идентификационных номеров юридических лиц и индивидуальных предпринимателей (респонденты) согласно форме, приведенной в приложении 1 к настоящим Правилам, и одновременно с официальным запросом загружает данные в формате xml (xls, csv, dbf или в иных общедоступных форматах) через сервис Интеграционный компонент (далее – ИК) интегрированную информационную систему "е-Статистика" Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее – ИИС "е – Статистика") по загрузке данных из внешних источников в сроки с 1 по 20 июня и с 1 по 20 декабря два раза в год.

      8. Операторы в течение 10 рабочих дней со дня получения указанного официального запроса предоставляют список контактных данных по респондентам согласно форме, приведенной в приложении 2 к настоящим Правилам.

      Операторы при наличии контактных данных по респондентам формируют и загружают данные в формате xml (xls, csv, dbf или в иных общедоступных форматах) в ИИС "е – Стаститика" через сервис ИК по загрузке данных из внешних источников представленный ведомством уполномоченного органа.

Глава 3. Обеспечение конфиденциальности сведений

      9. Полученные контактные данные по респондентам от операторов используются для актуализации статистических регистров и исключительно в статистических целях (для поиска респондентов) в соответствии с Законом.

      10. Ответственные лица по получению или передаче контактных данных по респондентам обеспечивают полноту, достоверность и своевременность предоставляемой информации, использование получаемой информации только по прямому назначению и без ущерба для стороны, ее предоставившей, без права передачи третьим сторонам и несут ответственность за незаконное разглашение контактных данных по респондентам в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. Конфиденциальность информации, получаемой от операторов обеспечивается в соответствии со статьей 8 Закона и статьей 28 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам получения
контактных данных по
  респондентам от операторов связи
  Форма

Список идентификационных номеров юридических лиц и
индивидуальных предпринимателей (респонденты)
(Сведения, передаваемые от ИИС "е-Статистика")

№ п/п

БИН

ИИН

1



2



3



  Приложение 2
к Правилам получения
контактных данных по
респондентам от операторов связи
  Форма

Список контактных данных по респондентам
(Сведения, передаваемые Операторами)

№ п/п

БИН*

ИИН**

Абонентский номер***1

Наименование оператора****

1





2





      Идентификатор - №, тип (размер) - текстовый (10), формат - цифры 0,…,9;
      *- Атрибут на английском языке - BIN, тип (размер) - текстовый (16),
      формат - цифры 0,…,9;
      **- Атрибут на английском языке - IIN, тип (размер) - текстовый (16),
      формат - цифры 0,…,9;
      ***- Атрибут на английском языке – PHONE, тип (размер) - текстовый (100), формат -
8 (7172) ХХ-ХХ-ХХ; 8 (777) ХХХ-ХХ-ХХ;
      ****- Атрибут на английском языке – NAME, тип (размер) - текстовый (20), формат -
текстовый (20).
      Примечание:
      - по стационарным номерам с указанием кода города, района или населенного пункта
(например: 8 (7172) ХХ-ХХ-ХХ);
      - по сотовым номерам с указанием кода оператора (например: 8 (777) ХХХ-ХХ-ХХ).