Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18120 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 28.08.2024 № 589 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.03.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 14.09.2022 № 955 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2019 № 157 (01.05.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 743 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16127 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә.Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1127 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

тапсырыс берушілер орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар (ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) болып табылатын конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асқан кездегі тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

тапсырыс берушілер орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар (ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) болып табылатын конкурс өткізуге бөлінген лот сомасының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асқан кездегі жұмыстар

3

Көрсетілетін кызметтер:

3.1

тапсырыс берушілер орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар (ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) болып табылатын конкурс өткізуге бөлінген лот сомасының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асқан кездегі көрсетілетін қызметтер

      Ескертпе:

      * Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" мемлекеттік мекемесі, оның ведомстволары және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады;

      Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2018 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 1127 бұйрығына
  2-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын конкурс/аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар

1.2

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жұмыстар (2.4-тармақта көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.2

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жұмыстар (2.3-тармақта көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.3

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асатын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу

2.4

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер

3.1

облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын қызметтер (3.3-тармақта көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)

3.2

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі көрсетілетін қызметтер (3.3-тармақта көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)

3.3

осы Тізбенің 2.1, 2.2 және 2.4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер)

      Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс, облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық мәні бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар);

      Осы Тізбенің 1.1, 2.1 және 3.1-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелері үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кезде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады;

      Осы Тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2018 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 1127 бұйрығына
  3-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жұмыстар (2.2-тармақта көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.2

жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу

3

Көрсетілетін қызметтер

3.1

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі көрсетілетін қызметтер (3.2-тармақта көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)

3.2

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер)

      Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті республикалық маңызы бар қала мен астананың тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады (оның ішінде коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар);

      Осы Тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1127 бұйрығына
4-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

      Ескерту. Бұйрық тізбемен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 28.02.2019 № 157 (01.05.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.01.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

конкурс өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жұмыстар (2.2 және 2.3-тармақтарда көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.2

конкурс өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу

2.3

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер

3.1

конкурс өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын қызметтер (3.2-тармақта көзделген қызметтерді қоспағанда)

3.2

осы Тізбенің 2.1 және 2.3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер)

      Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігінің ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар);

      Осы Тізбенің 1.1, 2.1, 2.2 және 3.1-тармақтарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен мекемелері үшін жүзеге асырады;

      Осы Тізбеге енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізумен келіскен жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды және кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайды сатып алуды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өмірлік циклі құнының есептемесі пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

Об определении перечней товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются едиными организаторами государственных закупок

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года № 1127. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2018 года № 18120.

      Примечание РЦПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 01.03.2019.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О государственных закупках" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 14.09.2022 № 955 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок республиканского значения согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок области согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок города республиканского значения и столицы согласно приложению 3 к настоящему приказу;

      4) перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок района области, города областного значения, района в городе областного значения согласно приложению 4 к настоящему приказу.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 28.02.2019 № 157 (вводится в действие с 01.05.2019).

      2. Признать утратившим силу приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года № 743 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16127, опубликован 27 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан);

      3. Департаменту законодательства государственных закупок Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 марта 2019 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение 1 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 1127

Перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок республиканского значения*

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.01.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Товары:

1.1

товары при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса/аукциона восьмитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются центральные исполнительные и иные центральные государственные органы (ведомства и их территориальные подразделения, республиканские юридические лица, а также юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, и аффилированные с ними юридические лица)

2

Работы:

2.1

работы при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса двадцатитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются центральные исполнительные и иные центральные государственные органы (ведомства и их территориальные подразделения, республиканские юридические лица, а также юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, и аффилированные с ними юридические лица)

3

Услуги:

3.1

услуги при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса двадцатитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются центральные исполнительные и иные центральные государственные органы (ведомства и их территориальные подразделения, республиканские юридические лица, а также юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, и аффилированные с ними юридические лица)

      Примечание:
* Организация и проведение государственных закупок по настоящему Перечню распространяется на государственные закупки товаров, работ и услуг, проводимые посредством электронных государственных закупок, за исключением государственных закупок, осуществляемых Государственным учреждением "Управление делами Президента Республики Казахстан", его ведомствами и их подведомственными организациями;
Организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором за исключением целевых трансфертов на развитие, передаваемых вышестоящими бюджетами в нижестоящие, государственных закупок услуг, предусмотренных государственным социальным заказом и закупок жилища, принадлежащего на праве частной собственности физическому лицу, не являющемуся субъектом предпринимательской деятельности, государственных закупок способами конкурса с использованием рамочных соглашений и конкурса с использованием расчета стоимости жизненного цикла приобретаемых товаров, работ, услуг.

  Приложение 2 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 1127

Перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок области*

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.01.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Товары

1.1

товары, государственные закупки по которым осуществляются способом конкурса/аукциона, где заказчиками являются администраторы областных бюджетных программ и их подведомственные организации

1.2

товары, при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса/аукциона сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются администраторы районных (городских) бюджетных программ, администраторы бюджетных программ города районного значения, села, поселка, сельского округа и их подведомственные организации

2

Работы

2.1

работы (за исключением работ, предусмотренных в пункте 2.4), государственные закупки по которым осуществляются способом конкурса, где заказчиками являются администраторы областных бюджетных программ и их подведомственные организации

2.2

работы (за исключением работ, предусмотренных в пункте 2.3), при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются администраторы районных (городских) бюджетных программ, администраторы бюджетных программ города районного значения, села, поселка, сельского округа и их подведомственные организации

2.3

разработка проектно-сметной документации и (или) технико-экономического обоснования, при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса четыретысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются администраторы районных (городских) бюджетных программ и их подведомственные организации, администраторы бюджетных программ города районного значения, села, поселка, сельского округа

2.4

средний и текущий ремонты автомобильных дорог областного значения и их содержание

3

Услуги

3.1

услуги (за исключением услуг, предусмотренных в пункте 3.3), государственные закупки по которым осуществляются способом конкурса, где заказчиками являются администраторы областных бюджетных программ и их подведомственные организации

3.2

услуги (за исключением услуг, предусмотренных в пункте 3.3), при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, где заказчиками являются администраторы районных (городских) бюджетных программ, администраторы бюджетных программ города районного значения, села, поселка, сельского округа и их подведомственные организации

3.3

инжиниринговые услуги (услуги по техническому надзору и управлению проектами), по работам, государственные закупки по которым осуществляются в соответствии с пунктами 2.1, 2.2 и 2.4 настоящего Перечня

      Примечание:
* Организация и проведение государственных закупок товаров, работ, услуг, указанных в настоящем Перечне, осуществляются едиными организаторами государственных закупок для заказчиков, подведомственных соответствующему акимату области, района области, города областного значения, района в городе областного значения, (в том числе областные и районные коммунальные юридические лица, а также юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, и аффилированные с ними юридические лица);
Организация и проведение государственных закупок товаров, работ, услуг, указанных в пунктах 1.1, 2.1 и 3.1 настоящего Перечня, осуществляются едиными организаторами государственных закупок для отделов образования районов области, городов областного значения и их подведомственных организаций и учреждений при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса/аукциона сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете;
Единый организатор государственных закупок осуществляет централизованные государственные закупки по заявкам заказчиков на приобретение товаров, работ, услуг, не включенных в настоящий Перечень путем создания совместных с заказчиком конкурсных комиссий (аукционных комиссий), при условии согласия единого организатора государственных закупок с проведением таких государственных закупок;
Организация и проведение государственных закупок по настоящему Перечню распространяется на государственные закупки товаров, работ и услуг, проводимые посредством электронных государственных закупок, за исключением государственных закупок услуг, предусмотренных государственным социальным заказом и закупок жилища, принадлежащего на праве частной собственности физическому лицу, не являющемуся субъектом предпринимательской деятельности, государственных закупок способами конкурса с использованием рамочных соглашений и конкурса с использованием расчета стоимости жизненного цикла приобретаемых товаров, работ, услуг.

  Приложение 3 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 1127

Перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок города республиканского значения и столицы*

      Сноска. Приложение 3 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.01.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Товары:

1.1

товары, при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса/аукциона двадцатитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

2

Работы:

2.1

работы (за исключением работ, предусмотренных в пункте 2.2), при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса двадцатитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

2.2

разработка проектно-сметной документации и (или) технико-экономического обоснования, при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса десятитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

3

Услуги

3.1

услуги (за исключением услуг, предусмотренных в пункте 3.2), при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса двадцатитысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

3.2

инжиниринговые услуги (услуги по техническому надзору и управлению проектами), при превышении суммы лота, выделенной на проведение конкурса двухтысячекратного размера месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

      Примечание:
* Организация и проведение государственных закупок товаров, работ и услуг, указанных в настоящем Перечне, осуществляются едиными организаторами государственных закупок для заказчиков, подведомственных соответствующему акимату города республиканского значения и столицы (в том числе коммунальные юридические лица, а также юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, и аффилированные с ними юридические лица);
Единый организатор государственных закупок осуществляет централизованные государственные закупки по заявкам заказчиков на приобретение товаров, работ, услуг, не включенных в настоящий перечень путем создания совместных с заказчиком конкурсных комиссий (аукционных комиссий), при условии согласия единого организатора государственных закупок с проведением таких государственных закупок;
Организация и проведение государственных закупок по настоящему Перечню распространяется на государственные закупки товаров, работ и услуг, проводимые посредством электронных государственных закупок, за исключением государственных закупок услуг, предусмотренных государственным социальным заказом и закупок жилища, принадлежащего на праве частной собственности физическому лицу, не являющемуся субъектом предпринимательской деятельности, государственных закупок способами конкурса с использованием рамочных соглашений и конкурса с использованием расчета стоимости жизненного цикла приобретаемых товаров, работ, услуг.

  Приложение 4 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 декабря 2018 года № 1127

Перечень товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются единым организатором государственных закупок района области, города областного значения, района в городе областного значения*

      Сноска. Приказ дополнен приложением 4 в соответствии с приказом Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 28.02.2019 № 157 (вводится в действие с 01.05.2019); в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 10.01.2024 № 6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Наименование

1

Товары

1.1

товары, сумма лота выделенной на проведение конкурса/аукциона которых не превышает сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

2

Работы

2.1

работы (за исключением работ, предусмотренных в пунктах 2.2 и 2.3), сумма лота выделенной на проведение конкурса которых не превышает сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

2.2

разработка проектно-сметной документации и (или) технико-экономического обоснования, сумма лота выделенной на проведение конкурса которых не превышает четыретысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

2.3

средний и текущий ремонты автомобильных дорог районного значения, улиц населенных пунктов и их содержание

3

Услуги

3.1

услуги (за исключением услуг, предусмотренных в пункте 3.2), сумма лота выделенной на проведение конкурса которых не превышает сороктысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете

3.2

инжиниринговые услуги (услуги по техническому надзору и управлению проектами) по работам, государственные закупки по которым осуществляются в соответствии с пунктами 2.1 и 2.3 настоящего Перечня

      Примечание:
* Организация и проведение государственных закупок товаров, работ и услуг, указанных в настоящем Перечне, осуществляется едиными организаторами государственных закупок для заказчиков, подведомственных соответствующему акимату района области, города областного значения, района в городе областного значения, (в том числе районные коммунальные юридические лица, а также юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежит государству, и аффилированные с ними юридические лица);
Организация и проведение государственных закупок товаров, работ, услуг, указанных в пунктах 1.1, 2.1, 2.2 и 3.1 настоящего Перечня осуществляются едиными организаторами государственных закупок для отделов образования районов области, городов областного значения и их подведомственных организаций и учреждений;
Единый организатор государственных закупок осуществляет централизованные государственные закупки по заявкам заказчиков на приобретение товаров, работ, услуг, не включенных в настоящий Перечень путем создания совместных с заказчиком конкурсных комиссий (аукционных комиссий), при условии согласия единого организатора государственных закупок с проведением таких государственных закупок;
Организация и проведение государственных закупок по настоящему Перечню распространяется на государственные закупки товаров, работ и услуг, проводимые посредством электронных государственных закупок, за исключением государственных закупок услуг, предусмотренных государственным социальным заказом и закупок жилища, принадлежащего на праве частной собственности физическому лицу, не являющемуся субъектом предпринимательской деятельности, государственных закупок способами конкурса с использованием рамочных соглашений и конкурса с использованием расчета стоимости жизненного цикла приобретаемых товаров, работ, услуг.