Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 589 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 тамызда № 35003 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 589 бұйрығына
1-қосымша

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

тапсырыс берушілер орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар (ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) болып табылатын конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асқан кездегі тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

тапсырыс берушілер орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар (ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) болып табылатын конкурс өткізуге бөлінген лот сомасының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асқан кездегі жұмыстар

3

Көрсетілетін кызметтер:

3.1

тапсырыс берушілер орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар (ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) болып табылатын конкурс өткізуге бөлінген лот сомасының республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асқан кездегі көрсетілетін қызметтер

      Ескертпе:

      * Осы Тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" мемлекеттік мекемесі, оның ведомстволары және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 589 бұйрығына
2-қосымша

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар

1.2

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жұмыстар (2.4-тармақта көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.2

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жұмыстар (2.3-тармақта көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.3

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асатын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу

2.4

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер

3.1

облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары тапсырыс берушілер болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі қызметтер (3.3-тармақта көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)

3.2

тапсырыс берушілер аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі көрсетілетін қызметтер (3.3-тармақта көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)

3.3

осы Тізбенің 2.1, 2.2 және 2.4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер)

      Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс, облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық мәні бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 589 бұйрығына
3-қосымша

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жұмыстар (2.2-тармақта көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.2

жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу

3

Көрсетілетін қызметтер

3.1

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асқан кездегі көрсетілетін қызметтер (3.2-тармақта көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда)

3.2

республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен конкурс өткізуге бөлінген лот сомасы асатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер)

      Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді тиісті республикалық маңызы бар қала мен астананың тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асырады (оның ішінде коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 589 бұйрығына
4-қосымша

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

конкурс/аукцион өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

конкурс өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жұмыстар (2.2 және 2.3-тармақтарда көзделген жұмыстарды қоспағанда)

2.2

конкурс өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жобалау-сметалық құжаттаманы және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу

2.3

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер

3.1

конкурс өткізуге бөлінген лоттың сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген қырық мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын қызметтер (3.2-тармақта көзделген қызметтерді қоспағанда)

3.2

осы Тізбенің 2.1 және 2.3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару жөніндегі қызметтер)

      Ескертпе:

      * Осы Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігінің ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрінің
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 589 бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 157 бұйрығы "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18358 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 955 бұйрығы "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29558 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бұйрығы "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33902 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады