"Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 наурызда № 18358 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 28.08.2024 № 589 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 157 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1127 бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі *

р/с №

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

автокөлік құралдары, механикалық көлік құралдары

1.2

тікұшақтар

1.3

серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.4

жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.5

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.6

жиһаз, мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болады (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.7

медициналық техника және медициналық мақсатты бұйымдар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша көлемі шеңберінде көзделген тауарларды қоспағанда (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

1.8

жеңіл өнеркәсіп тауарлары, мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болады (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2

Жұмыстар:

2.1

** бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау

2.2

** бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

2.3

** бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын қолдағы бар объектілеріне күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3

Көрсетілетін кызметтер:

3.1

ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.2

ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.3

жүйелік-техникалық қызмет көрсету, аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.4

полиграфиялық кызметтер (полиграфиялық жұмыстар) және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.5

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (өнімді) техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

3.6

бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар іске асыратын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару), (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)

      Ескертпе:

      * мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

      ** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.2, 2.3-тармақтарында көрсетілген жұмыстар және 3.6-тармағында көрсетілген қызмет бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 157 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1127 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды облыстық бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі *

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстардан басқа) жұмыстар

2.2

Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) техникалық-экономикалық негіздеме

2.3

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер:

3.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару)

3.2

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын (3.1-тармақта көзделген қызметтерді қоспағанда) қызметтер

      Ескертпе:

      * Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс, облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық мәні бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 157 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1127 бұйрығына
3-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі *

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2-тармақта көзделген жұмыстардан басқа) жұмыстар

2.2

Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің оң мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) техникалық-экономикалық негіздеме

3

Көрсетілетін қызметтер:

3.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару бойынша қызметтер)

3.2

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық мың еселенген мөлшерінен асатын 3.1) тармақта көзделген қызметтерді қоспағанда) қызметтер

      Ескертпе:

      * Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді республикалық маңызы бар қала мен астананың тиісті әкімдігіне ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде облыстық және аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 ақпандағы
№ 157 бұйрығына
4-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі *

р/с№

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3-тармақтарда көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) жұмыстар

2.2

Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) техникалық-экономикалық негіздеме

2.3

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер:

3.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару бойынша қызметтер)

3.2

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (3.1-тармақта көрсетілген қызметтерді қоспағанда) қызметтер

      Ескертпе:

      * Тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және өткізуді облыс ауданы, облыстық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның тиісті әкімдігінің ведомстволық бағынысты тапсырыс берушілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушылары жүзеге асырады (оның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады