Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 14.09.2023 № 107-1901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1112 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 шілдедегі "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
жоғарыда көрсетілген қаулыда:
21-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 33-53-тармақтармен толықтырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 107 - 312 қаулысына 1-қосымша |
|
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына 21-қосымша |
Астана қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Р/с№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Құны, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
33. | Лагерьде тұру | 1 күн | 1500 |
34. | Астана қаласынан лагерьге және кері жол жүру | 1 қызмет | 2000 |
35. | Трансфер (Ақкөл вокзалынан) | 1 қызмет | 500 |
36. | Тәлімгер қызметі | 1 күн (топ 10 адамнан кем емес) | 500 |
37. | Шаңғыны жалға беру | 3 сағат | 300 |
38. | Конькиді жалға беру | 3 сағат | 300 |
39. | Үстел теннисі | 1 сағат | 200 |
40. | Шығыршықты (тюбингті) жалға беру | 2 сағат | 500 |
41. | Тимбилдинг | 1 сағат | 500 |
42. | Арқан паркі | 1 сағат | 500 |
43. | Скалодром | 1 сағат | 500 |
44. | Велосипедті жалға беру | 3 сағат | 500 |
45. | Роликтерді жалға беру | 3 сағат | 300 |
46. | Пейнтбол | 1 сағат | 1000 |
47. | Комбо қыс (шаңғылар, конькилер, тюбинг, арқан паркі, спорттық ойын құралдары, тимбилдинг) + нұсқаушы | 1 күн | 2000 |
48. | Комбо жаз (скалодром, арқан паркі, роликтер, бассейн, спорттық ойын құралдары, велосипед, тимбилдинг) +нұсқаушы | 1 күн | 2000 |
49. | "Денсаулық жол бағыты бойынша" демалыс күндерін ұйымдастыру | 1 күн (топ 50 адамнан кем емес) | 3600 |
50. | "Денсаулық жол бағыты бойынша" демалыс күндерін ұйымдастыру (топтың жиналу орыны Ақкөл қаласы) |
2 күн/1 түн | 7000 |
51. | "Денсаулық жол бағыты бойынша" демалыс күндерін ұйымдастыру (топтың жиналу орыны Ақкөл қаласында) |
3 күн/2 түн | 11000 |
52. | Қысқы лагерь маусымы | маусымға 1 жолдама (5 күн) | 22000 |
53. | Жазғы лагерь маусымы | маусымға 1 жолдама (10 күн) | 42000 |
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 107 - 312 қаулысына 2-қосымша |
|
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына 22-қосымша |
Астана қаласы әкімдігінің мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауар бағасы (жұмыс және қызмет көрсету)
Р/с № | Қызмет түрлері |
Өлшем бірлігі |
Құны, |
1. | Хореография | 8 академиялық сағат | 1500 |
2. | Шет тілдерін оқыту курсы | 8 академиялық сағат | 2500 |
3. | Психологиялық-педагогиқалық түзету | 8 академиялық сағат | 2500 |
4. | Театр үйірмесі | 8 академиялық сағат | 2000 |
5. | Хормен ән айту | 8 академиялық сағат | 1500 |
6. | Музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету | 8 академиялық сағат | 4000 |
7. | Вокал | 8 академиялық сағат | 3000 |
8. | Шығармашылық шеберлік | 8 академиялық сағат | 1500 |
9. | Бейнелеу студиясі | 8 академиялық сағат | 1500 |
10. | Спорттық жекпе-жек үйірмесі | 8 академиялық сағат | 4500 |
11. | Йога | 8 академиялық сағат | 4500 |
12. | Шахматтар, шашкалар | 8 академиялық сағат | 4000 |
13. | Көркем гимнастика | 8 академиялық сағат | 4000 |
14. | Аэробика | 8 академиялық сағат | 1500 |
15. | Логика | 8 академиялық сағат | 4000 |
16. | Робототехника | 8 академиялық сағат | 4000 |
17. | Массаж | 1 курс (8күн) | 4000 |
18. | Физиопроцедуралар | 1 курс (8күн) | 4000 |
19. | Емдік дене шынықтыру | 8 академиялық сағат | 4000 |
20. | Педиатор дәрігерінің қызметі | айына | 660 |
21. | Сөйлеуді түзету | 8 академиялық сағат | 3500 |
22. | Кешкі ассыз кезекші топ | 1 сағат | 150 |