Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 23.12.2021 № 7С-11/4 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Гетманов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |
27.02.2018 ж.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
Р.Рамазанов |
27.02.2018 ж.