Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Степногорск қаласының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6486 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы |
Х.Кабар |