Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 07.06.2018 № 07 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 1 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраев төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |