Аршалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 01 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 маусымдағы № 07 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 маусымда № 6688 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аршалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 01 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6369 тіркелген, 2018 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының
әкімі
А.Тайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады