Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 13.07.2020 № 6С-69-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5546 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының бөлімі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
8 тармағының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А.Бейсенбенов |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі | Н.Сейілов |
2018 жылғы 9 қазан