РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі |
М. Мұстафин |
2018 жылғы "16" ақпан
Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-153 шешіміне қосымша |
Зеренді аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4797 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 "Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылдың 4 сәуірдегі № 2-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5310 тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
3. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 "Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 тіркелген, 2017 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімі.