Зеренді аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 "Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 2-11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5310 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-153 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 19-153 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386, 444 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Жер және бірыңғай жер салықтарының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4797 тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспеде "387, 444 баптарына" сөздері "386, 444 баптарына" сөздеріне ауыстырылсын;

      шешімнің 1 тармағындағы "пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге" сөздері "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Э.Халелова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2016 жылғы "4" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады