Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Зеренді ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-301 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда № 4797 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 19-153 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 19-153 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 8-66 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 386, 444 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 04.04.2016 № 2-11 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Зеренді ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 04.04.2016 № 2-11 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2016 № 8-66 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К.Расқұлов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2015 жылғы "15" 04

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады