РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Сабынды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің Сабынды ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Карл Маркс көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;
2) Водопроводная көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне;
3) Гагарин көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;
4) Гоголь көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
5) Первомайская көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне.
2. Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің Қараегін ауылының Октябрьская көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сабынды ауылдық округі әкімі |
Г.Смагулова |