Сабынды ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 6423 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Сабынды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің Сабынды ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Карл Маркс көшесі Хамит Ерғалиев көшесіне;

      2) Водопроводная көшесі Баубек Бұлқышев көшесіне;

      3) Гагарин көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;

      4) Гоголь көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      5) Первомайская көшесі Әлихан Бөкейханов көшесіне.

      2. Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округінің Қараегін ауылының Октябрьская көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сабынды ауылдық
округі әкімі
Г.Смагулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады