Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6С-34/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 қарашада № 6872 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.01.2019 № 6С-38/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихаттың "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 наурызда аудандық "Бурабай" және "Стабильная газета" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      12 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХХХІV
(кезектен тыс) сессиясының төрағасы
Ж.Бектұров
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

      16 қараша 2018 жыл

О внесении изменения в решение Бурабайского районного маслихата от 28 февраля 2018 года № 6С-25/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району"

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 16 ноября 2018 года № 6С-34/8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 29 ноября 2018 года № 6872. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25 января 2019 года № 6С-38/6

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.01.2019 № 6С-38/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бурабайского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району" от 28 февраля 2018 года № 6С-25/3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6476, опубликовано 29 марта 2018 года в районных газетах "Бурабай" и "Стабильная газета") следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району, утвержденных указанным решением:

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому МИО по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель ХХХІV (внеочередной)
сессии районного маслихата
Ж.Бектуров
      Секретарь
районного маслихата
У.Бейсенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким
Бурабайского района
К.Караулов

      16 ноября 2018 года