Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қаңтарда № 7059 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 6С-70/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бурабай аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ХXXVІIІ (кезектен тыс)
сессиясының төрағасы
Қ.Шаяхметов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

      25 қаңтар 2019 жыл

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 6С-38/6 шешіміне
1 қосымша

Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.05.2020 № 6С-60/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1. Осы Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) негізінде әзірленді және Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1 тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бурабай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органымен есептелетін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.05.2020 № 6С-60/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы Қағидалар Бурабай ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға таралады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек:

      1) ақшалай нысанда алушылардың шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы;

      2) заттай нысанда көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;

      2) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      3) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;

      4) Қарттар күні – 1 қазан;

      5) Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған адамдарға;

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған адамдарға;

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге;

      мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;

      туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;

      Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға;

      көп балалы отбасыларға, ата-аналарының біріне (анасына немесе әкесіне, немесе қорғаншысына (қамқоршысына) және олардың 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларына;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 6С-60/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына бір реттік көмек;

      2) Жеңіс күніне:

      бір реттік көмек:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (10 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа);

      жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған адамдарға;

      3) саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға бір реттік көмек;

      4) Қарттар күніне:

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге бір реттік көмек;

      5) Мүгедектер күніне:

      мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға бір реттік көмек;

      6) отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш;

      отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлардағы әлеуметтік көмектің шекті шамасы 30 айлық есептік көрсеткішотбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш;

      отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлардағы әлеуметтік көмектің шекті шамасы 30 айлық есептік көрсеткіш;

      7) облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансфертер есебінен оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған немесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет жылдық оқуының 100 % құны мөлшерінде оқуына төлеуге;

      8) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 % мөлшерінде:

      сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай қызмет көрсетушілердің шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі;

      9) Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне, көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, жылына бір рет облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен оқуы үшін 100 % мөлшерінде төлеуге;

      10) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын жолдамалар түрінде.

      Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;

      11) жақын туыстарының өтініші бойынша мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасындағы бір реттік жәрдемақы;

      12) табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, 15 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасында, өтініш бойынша күнтiзбелiк жылда бір рет берілетін көмек;

      13) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, көп балалы отбасыларға, ата-аналарының біріне (анасына немесе әкесіне, немесе қорғаншысына (қамқоршысына) және олардың 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларына, өтініш берілген күніне қарамастан толық ағымдағы тоқсанға заттай түрінде тоқсан сайынғы көмек (Щучинск қаласында тұратын 1 адамға тоқсанына 126 дана мөлшерінде жол жүру талондары);

      14) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде өтініш берусіз әлеуметтік көмек ұсынылады:

      амбулаториялық емдеуде жүрген, туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға жылына бір рет, 2 еселенген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      15) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 6С-60/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекітілетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) алынып тасталды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 6С-60/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3) Үлгiлiк қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтi;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметті;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 15.05.2020 № 6С-60/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 04.09.2019 № 6С-46/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Бурабай ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4 тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Бурабай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5 тарау. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 6С-38/6 шешіміне
2 қосымша

Бурабай аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6476 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 наурызда аудандық "Бурабай" және "Стабильная газета" газеттерінде жарияланған).

      2. "Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 шілдедегі № 6С-29/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6753 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 6С-33/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6819 болып тіркелген, 2018 жылғы 05 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Бурабай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 6С-25/3 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бурабай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6С-34/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6872 болып тіркелген, 2018 жылғы 06 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады