Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 350 "Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4688 тіркелген, 2016 жылғы 1 және 2 ақпанда "Актюбинский вестник" және "Ақтөбе" газеттерінде тиісінше жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 және 2-қосымшалар осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық сессия төрағасы мәслихаттың |
Ғ. ЛАТЫПОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2018 жылғы 15 тамыздағы № 320 облыстық мәслихаттың шешіміне 1-қосымша | |
2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 350 облыстық мәслихаттың шешіміне 1-қосымша |
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекаралары
Аймақтардың № | Бағалау аймақтарының шекаралары |
№ 1 бағалау аймағы | |
1. |
Бірінші алап
Шекаралары Саябақ көшесімен Алтынемел көшесінің қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылымен Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен Ә.Молдағұлова даңғылы арқылы, темір жолдың және Өтеген Сеитов көшесі бойымен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесінен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Л.Красина көшесінің қиылысына, Л.Красина көшесімен 12 "В, Г" шағын ауданының оңтүстік-шығысы жағына дейін,12 "В, Г" шағын ауданының оңтүстік-шығысы бойымен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Сәнкібай батыр даңғылының қиылысына дейін, Сәнкібай батыр даңғылымен Ә.Молдағұлова даңғылының қиылысына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылымен Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабын қоса алғанда, Оңтүстік Батыс тұрғын үй алабынан Ә.Молдағұлова даңғылы бойымен Сәнкібай батыр даңғылына дейін, Сәнкібай батыр даңғылымен Макаренко көшесінің қиылысына дейін, Макаренко көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Вавилов Сергей Васильевич көшесінің қиылысына дейін, Вавилов Сергей Васильевич көшесімен Қазанғап көшесінің қиылысына дейін, Қазанғап көшесімен Пожарский көшесінің қиылысына дейін, Пожарский көшесімен Маресьев көшесінің қиылысына дейін, Маресьев көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылынан Саябақ көшесінің қиылысына дейін.
Екінші алап
Шекаралары Ы.Алтынсарин көшесімен Жанқожа батыр көшесінің қиылысына дейін, Жанқожа батыр көшесімен Асау-Барақ көшесінің қиылысына дейін, Асау-Барақ көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Некрасов көшесінің қиылысына, Некрасов көшесімен Пожарный көшесінің қиылысына дейін, Пожарный көшесімен Бершүгір көшесінің қиылысына, Бершүгір көшесімен Нағым Қобыландин көшесінің қиылысына дейін, Нағым Қобыландин көшесімен Тахауи Ахтанов көшесінің қиылысына, Тахауи Ахтанов көшесімен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Интернациональный көшесінің қиылысына дейін, Интернациональный көшесімен Әйтеке би көшесінің қиылысына, Әйтеке би көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен Ломоносов көшесінің қиылысына, Ломоносов көшесімен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына дейін.
Үшінші алап
Шекаралары Зауыт көшесімен элеватор аумағының солтүстік бөлігі бойымен, "Актюбрентген-1" бау-бақша ұжым аумағының оңтүстік жағына дейін, "Актюбрентген-1" бау-бақша ұжымы аумағының оңтүстік жағынан стадион және мектепке дейінгі ұйымның аумағын қоса алғанда Кленовый көшесіне дейін, Кленовый көшесімен Атырау көшесінің қиылысына дейін, Атырау көшесімен Зауыт көшесінің қиылысына дейін.
Төртінші алап
Шекаралары Ақтөбе су қоймасының, Елек өзені, Қарғалы өзені су қорғау аймақтары, Заречный-1, Заречный-2, Заречный-3, Заречный-4 тұрғын үй алаптарын, Қарғалы ауылын қоса алғанда, аурухананың шығыс жағындағы, Қарғалы өзенінің су қорғау аймағының бойымен "Ақтөбе-Орск" бағытындағы тас жолға дейінгі жерлерді қоспағанда, Нұр-Ақтөбе-1, Нұр-Ақтөбе-2 тұрғын үй алаптарын, Жас Қанат жобаланған тұрғын үй алабын, Қызылжар ауылын қоса алғанда, Украинка ауылы оңтүстік бөлігін қоспағанда, К.Нокин атындағы ауылдың солтүстік-батыс бөлігі, Пригородное ауылының батыс бөлігі.
Бесінші алап
Авиақалашық, Авиатор-1, Авиатор-2 тұрғын үй алаптары.
Алтыншы алап Батыс-1, Батыс-2 тұрғын үй алаптары. |
№ 2 бағалау аймағы | |
2. |
Бірінші алап
Шекаралары Чернышевский көшесінен Победа даңғылының қиылысына дейін, Победа даңғылымен "АЗФ-2" бау-бақша ұжымының оңтүстік жағын бойлай Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылымен Алтынемел көшесінің қиылысына дейін, Алтынемел көшесімен Саябақ көшесінің қиылысына, Саябақ көшесімен Мир даңғылының қиылысына дейін, Мир даңғылымен А.Маресьев көшесінің қиылысына, А.Маресьев көшесімен Пожарский көшесінің қиылысына дейін, Пожарский көшесімен Қазанғап көшесінің қиылысына дейін, Қазанғап көшесімен Вавилов Сергей Васильевич көшесінің қиылысына дейін, Вавилов Сергей Васильевич көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Макаренко көшесінің қиылысына дейін, Макаренко көшесімен Сәнкібай батыр даңғылының қиылысына дейін, Сәнкібай батыр даңғылымен тұрғын үй құрылысын бойлай, гараж кооперативі мен № 40 орта мектеп аумағын қоспағанда, А.Чекалин көшесінің қиылысына дейін, А.Чекалин көшесімен КА-168/2 мекемесінің шығыс жағына дейін, КА-168/2 мекемесінің шығыс жағынан Олег Кошевой көшесінің қиылысына дейін, Олег Кошевой көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Чернышевский көшесінің қиылысына дейін.
Екінші алап
Шекаралары М.Мәметова көшесінен Кеңес Нокин даңғылының қиылысына дейін, Кеңес Нокин даңғылынан Елек өзенінің су қорғау аймағы бойымен, Кеңес Нокин даңғылына іргелес бау-бақша ұжымдардың жерлерін қоса алғанда, Сағи Жиенбаев және Н.Ф.Гастелло көшелерінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев және Н.Ф.Гастелло көшелерінің қиылысынан Сағи Жиенбаев көшесімен Южная көшесінің қиылысына дейін, Южная көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен Әйтеке би көшесінің қиылысына дейін, Әйтеке би көшесімен Интернациональная көшесінің қиылысына дейін, Интернациональная көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Шоқан Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Шоқан Уәлиханов көшесімен Тахауи Ахтанов көшесінің қиылысына дейін, Тахауи Ахтанов көшесімен Нағым Қобыландин көшесінің қиылысына дейін, Нағым Қобыландин көшесімен Бершүгір көшесінің қиылысына дейін, Бершүгір көшесімен Пожарная көшесінің қиылысына дейін, Пожарная көшесімен Некрасов көшесінің қиылысына дейін, Некрасов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Асау-Барақ көшесінің қиылысына дейін, Асау-Барақ көшесімен Жанқожа батыр көшесінің қиылысына дейін, Жанқожа батыр көшесімен Ы.Алтынсарин көшесінің қиылысына дейін, Ы.Алтынсарин көшесімен Ломоносов көшесінің қиылысына дейін, Ломоносов көшесімен темір жол бойымен, М.Мәметова көшесінің қиылысына дейін.
Үшінші алап
Шекаралары Әз Наурыз көшесіндегі көпірден бастап темір жол бойымен М.Арынов көшесінің қиылысына дейін, М.Арынов көшесімен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін, Амангелді Иманов көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен Илецкая көшесінің қиылысына дейін, Илецкая көшесімен "Сельмаш" шағын ауданын, мәдениет және демалыс саябағын қоса алғанда Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесімен 12 "В,Г" шағын ауданының оңтүстік-шығыс жағы бойымен, Л.Красин көшесіне дейін, Л.Красин көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен көпірге дейін.
Төртінші алап
Кірпішті тұрғын үй алабы, "Қазақжарылысөнеркәсіп" АҚ аумағын, теннис алаңын қоса алғанда, Ақжар-2 тұрғын үй алабы, жобаланған Жасыл-Төбе тұрғын үй алабы, "Ақжар плюс", "Тереңсай", "Сарбаз", "Зеленая" бау-бақша ұжымдары.
Бесінші алап
Ясное тұрғын үй алабы.
Алтыншы алап Шекаралары өнеркәсіптік ауданның батыс бөлігін, Жаңақоныс ауылы, Батыс-3, Батыс-4 тұрғын үй алаптарын қоса алғанда, "Ақтөбе-Қобда" тас жолы бағытындағы қала шекарасына дейін орналасқан іргелес аумақтар. |
№ 3 бағалау аймағы | |
3. |
Бірінші алап
Шекаралары Чернышевский көшесімен Олег Кошевой көшесінің қиылысына дейін, Олег Кошевой көшесімен КА-168/2 мекемесінің шығыс жағына дейін, КА-168/2 мекемесінің шығыс жағынан А.Чекалин көшесіне дейін, А.Чекалин көшесінен тұрғын үй құрылысы бойымен, гараж кооперативі мен № 40 орта мектептің аумағын қосқанда, Сәнкібай батыр даңғылына дейін, Сәнкібай батыр даңғылымен Сақтаған Бәйішев көшесіне дейін, Сақтаған Бәйішев көшесімен "Табыс" базарының аумағына дейін, "Табыс" базарының аумағымен өнеркәсіп аймағының батыс бөлігі бойымен Жіңішке өзенінің арнасына дейін, Жіңішке өзені арнасы бойымен өнеркәсіптік аймақтың солтүстік-батыс аумағын, жобаланған Солтүстік көлік-логистикалық орталығын, индустриалдық аймағын, солтүстік өнеркәсіптік ауданын, "СМП-555" орам жерлерін қоса алғанда Чернышевский көшесіне дейін.
Екінші алап
Шекаралары Жіңішке станциясы аумағынан Елек өзенінің су қорғау аймағына дейін, Елек өзенінің су қорғау аймағын бойлай "РУ Запказэнерго" бау-бақша ұжымының солтүстік жағына дейін, "РУ Запказэнерго" бау-бақша ұжымының солтүстік жағынан теміржол көлігі жерлерін, тұрмыстық және өнеркәсіптік құрылыс жерлерін қоса алғанда, 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойымен Ломоносов көшесіне дейін, Ломоносов көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Н.Ф.Гастелло көшесінің қиылысына дейін, Н.Ф.Гастелло көшесімен Нефтяников көшесінің қиылысына дейін, Нефтяников көшесімен, "Ромашка" бау-бақша ұжымының жерлерін қоса алғанда, "Ақтөбе-Қандыағаш" айналма көлік жол бағытына дейін, 41 жол айрығы, Ясное-2 тұрғын алабы, құс фабрикасы аумақтары, Ақтөбе су қоймасының су қорғау аймағы бойымен "Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолы бағытында қала шекарасына дейін, қала шекарасынан темір жол бойымен "Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолы бағытынан, № 406 авиациялық жөндеу зауытын, әуежай ғимаратын, "Сельмаш-2" шағын ауданын, "Авиатор-1" гараж кооперативінің бір бөлігі аумақтарын қоса алғанда, Илецкая көшесіне дейін, Илецкая көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін, Амангелді Иманов көшесімен М.Арынов көшесінің қиылысына дейін, М.Арынов көшесімен Сержан Жаманқұлов көшесінің қиылысына дейін, Сержан Жаманқұлов көшесімен темір жол бойымен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен Өтеген Сеитов көшесіне дейін, Өтеген Сеитов көшесімен Тургенев көшесіне дейін, Тургенев көшесімен Чернышевский көшесіне дейін, Чернышевский көшесінен "АЗФ-2" бау-бақша ұжымы жерінің оңтүстік жағы бойымен Победа даңғылының қиылысына дейін, Победа даңғылымен Чернышевский көшесінің қиылысына дейін, Чернышевский көшесімен темір жол бойымен Жіңішке станциясына дейінгі бау-бақша ұжымдар жерлерін қоспағанда Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін.
Үшінші алап
"Милосердие" және "Плодородие" бау-бақша ұжымдарына қарама-қарсы орналасқан жерлер, автокөлік базары мен іргелес нысандардың аумағын қоса алғанда.
Төртінші алап
Шекаралары Ипподром аумағында, әрі қарай "Ақтөбе-Орск" және "Ақтөбе-Хромтау" тас жолы бағытында жол айрығынан бастап Нұр-Ақтөбе-1, Нұр-Ақтөбе-2 тұрғын үй алаптарының шекараларына дейін, Рауан тұрғын үй алабы, әрі қарай "Ақтөбе-Хромтау" тас жолының оңтүстігі, Заречный-3, Заречный-4 тұрғын үй алаптарына шектес, "Ақтөбе-Орск" және "Ақтөбе-Хромтау" тас жолдарының жол айрығына дейін.
Бесінші алап
Шекаралары Ақжар-1 тұрғын үй алабының аумағы іргелес бау-бақша ұжымдарымен бірге.
Алтыншы алап
"Ақтөбе-Орск" тас жолы бойымен Украинка ауылының оңтүстік бөлігі.
Жетінші алап
К.Нокин атындағы ауыл, солтүстік-батыс бөлігін қоспағанда.
Сегізінші алап Батыс-2 және Батыс-3 тұрғын үй алаптарының оңтүстік жағында орналасқан аумақ. |
№ 4 бағалау аймағы | |
4. |
Бірінші алап
Шекаралары Южный көшесімен, зират аумағын қоспағанда, Сағи Жиенбаев көшесінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев көшесімен Н.Ф.Гастелло көшесінің қиылысына дейін, Сағи Жиенбаев және Н.Ф.Гастелло көшелердің қиылысынан 41 жол айрығы бағытындағы тұрғын құрылысы бойымен В.Ф.Зинченко көшесіне дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Орынбор көшесінің қиылысына дейін, Орынбор көшесімен Нефтяников көшесінің қиылысына дейін, Нефтяников көшесімен Н.Ф.Гастелло көшесінің қиылысына дейін, Н.Ф.Гастелло көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен Южная көшесінің қиылысына дейін.
Екінші алап
Шекаралары Сәнкібай батыр даңғылы мен Ғ.Жұбанова көшесінің қиылыстары және солтүстік-батыс өнеркәсіп аймағы бір жағынан, екінші жағынан "Ақтөбе-Орал" жол бағытымен қала шекарасына дейін, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті" ауруханасы, Жаңақоныс ауылы, Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын үй алабы жерлерін қосқанда, Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабы аумағын қоспағанда.
Үшінші алап
Шекаралары Сәнкібай батыр даңғылынан, "Саздинское Лесничество" бау-бақша ұжымының аумағын қоса алғанда, Сазды өзенінің екі жағынан Сазды су қоймасы бағытында.
Төртінші алап Ақжар-2 тұрғын үй алабының оңтүстігіне қарай тас жол бойымен Ақжар-1 тұрғын үй алабына қарай орналасқан бау-бақша ұжымдар. |
№ 5 бағалау аймағы | |
5. |
Бірінші алап
Шекаралары Бөкенбай батыр даңғылынан Сазды өзенінің арнасы бойымен Сазды су қоймасы демалыс аймағы, бір жағынан автокөлік базары мен іргелес нысандарының аумағын қоспағанда, "Қандыағаш-Атырау" тас жолы бағытымен қала шекарасындағы өтпежолға дейін екінші жағынан, әуежайдың ұшу жолағы мен "Жаңа-Әлжан" элеватор аумағын қоса алғанда.
Екінші алап
Шекаралары қаланың шығыс бөлігінде жобаланған Шығыс тұрғын үй алабының, "Ақтөбе-Хромтау" тас жолы бойының аумағы, батысында "Нұр-Ақтөбе-2" тұрғын үй алабымен, солтүстігінде Жаман-Қарғалы өзенінің су қорғау аймағымен шектес.
Үшінші алап
Шекаралары Бас жоспар бойынша жобаланған гольф-парк аумағы, Батыс-3 тұрғын үй алабының оңтүстігіне қарай.
Төртінші алап
Пригородное ауылы батыс бөлігін қоспағанда.
Бесінші алап Өрлеу ауылы. |
№ 6 бағалау аймағы | |
6. | № 1, № 2 бағалау аймақтарында орналасқан, Елек және Қарғалы өзендерінің су қорғау аймақтарына кіретін жерлерді қоспағанда, бау-бақша ұжымдардың жерлері. |
№ 7 бағалау аймағы | |
7. |
Бірінші алап
Сазды су қоймасынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің жерлері "Ақтөбе-Қандыағаш" тас жол бағытымен қаланың шекарасына дейін.
Екінші алап
Елек өзені арқылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік аймағының арғы жағындағы жерлер, Жақсы-Қарғалы өзенінің су қорғау аймағының шығыс шекарасына дейін.
Үшінші алап
Жаман-Қарғалы өзенінің су қорғау аймағының оңтүстік шекарасына дейін К.Нокин атындағы ауылдың шығыс жағында орналасқан жерлер.
Төртінші алап
Бір жағынан Сағи Жиенбаев пен Н.Ф.Гастелло көшелерінің қиылысынан және Елек өзенінің су қорғау аймағы, екінші жағынан "Ақтөбе-Кандыағаш" айналма жол бағыты бойымен Ақтөбе су қоймасына және Ясное-2 жаңа тұрғын үй алабына дейін орналасқан жерлер.
Бесінші алап
Бір жағынан, "Ақтөбе-Хромтау" тас жолының оңтүстігіне, Ақтөбе су қоймасының су қорғау аймағының шығысына және Елек өзеніне қарай, екінші жағынан, қаланың шығыс және оңтүстік-шығыс шекарасына дейін орналасқан жерлер.
Алтыншы алап Жіңішке өзенінің су қорғау аймағының және солтүстік-батыс өнеркәсіп ауданының батыс шекарасының аралығында орналасқан жерлер. |
2018 жылғы 15 тамыздағы № 320 облыстық мәслихаттың шешіміне 2-қосымша | |
2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 350 облыстық мәслихаттың шешіміне 2-қосымша |
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Бағалау аймақтарының номері | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
1. | 2,0 |
2. | 1,75 |
3. | 1,5 |
4. | 1,25 |
5. | 1,0 |
6. | 0,75 |
7. | 0,50 |