Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 350 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 4688 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Облыстықмәслихаттың хатшысы
      Л. ЖАЗЫҚОВА С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  Облыстық мәслихаттың
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 350 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бағалау аймақтарының шекаралары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облыстық мәслихатының 13.12.2023 № 81 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бағалау аймақтардың нөмірі

Бағалау аймақтарының шекаралары

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

1

2

3

4

1

I

Астана ауданы
Шекаралары Т.Рысқұлов көшесімен О.Кошевой көшесінің қиылысына дейін, О.Кошевой көшесімен М.Кутузов көшесінің қиылысына дейін, одан әрі М.Кутузов көшесімен Ватутин көшесінің қиылысына дейін, Ватутин көшесімен Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен Ә.Молдағұлова даңғылын темір жол бойымен және Ө.Сейітов көшесінің қиылысымен Әз Наурыз көшесіне дейін, Әз Наурыз көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, "Көктау" кафе-рестораны мен логистикалық орталық аумағын қоса алғанда, темір жол желісінің бойымен, одан әрі Бөкенбай батыр көшесімен Л.Красин көшесінің қиылысына дейін, Л.Красин көшесімен Мұқағали Мақатаев атындағы көшесіне дейін, Мұқағали Мақатаев атындағы көшесімен Мағжан Жұмабаев көшесіне дейін, Мағжан Жұмабаев көшесімен 12 "В,Г" шағын ауданына дейін, одан әрі 12 "В,Г" шағын ауданының солтүстік-шығысы бойымен және Темірқазық көшесімен Мұхтар Әуезов көшесінің қиылысына дейін, Мұхтар Әуезов көшесімен Мирас көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Мирас көшесімен Берекет көшесінің қиылысына дейін, Берекет көшесімен Мұхтар Әуезов аиындағы көшесінің қиылысына дейін, Мұхтар Әуезов атындағы көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Сәнкібай батыр даңғылының қиылысына дейін, одан әрі Богословка тас жолымен Сазды өзені арнасының бойымен, ағаш материалдары қоймаларының, Автобазардың, Мал базарының, "Тобыл" құрылыс дүкенінің аумағын, сондай-ақ Таңшолпан тұрғын үй алабының аумағын қоса алғанда, одан әрі оңтүстік айналма жолмен Ақтөбе-Қобда тас жолына дейін, Ұлы Дала шағын ауданы мен оған іргелес аумақтарды, Жаңақоныс-2, Жаңақоныс тұрғын үй алаптарының жерлерін қоса алғанда, одан әрі Жіңішке өзенінің бойымен және Өтеген Тұрмағамбетов көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, № 2 бағалау аймағының бірінші тұрғын алабын қоспағанда.

2,0

2

Шекаралары Дальний тұйық көшесімен Н.Шайкенов көшесінің қиылысына дейін, Н.Шайкенов көшесімен Сайым Балмұқанов көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Сайым Балмұқанов көшесімен және С.Жаманқұлов көшесімен Черепанов көшесінің қиылысына дейін, Черепанов көшесімен М.Арынов көшесінің қиылысына дейін, М.Арынов көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен А.Пушкин көшесінің қиылысына дейін, одан әрі А.Пушкин көшесімен А.Иманов көшесінің қиылысына дейін, А.Иманов көшесімен Илецкая көшесінің қиылысына дейін, Илецкая көшесімен Орал көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Орал көшесімен Мирас көшесінің қиылысына дейін, Мирас көшесімен Мұхтар Әуезов атындағы көшесінің қиылысына дейін, Мұхтар Әуезов атындағы көшесімен Темірқазық көшесінің қиылысына дейін, Темірқазық көшесімен 12 "В,Г" шағын ауданының солтүстік-шығысы бойымен Мағжан Жұмабаев көшесінің қиылысына дейін, Мағжан Жұмабаев көшесімен Мұқағали Мақатаев атындағы көшесінің қиылысына дейін, Мұқағали Мақатаев атындағы көшесімен Л.Красин көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Л.Красин көшесімен Бөкенбай батыр көшесінің қиылысына дейін, Бөкенбай батыр көшесімен Әз Наурыз көшесінің қиылысына дейін, Әз Наурыз көшесімен көпірге дейін.

3

Самал, Самал-2, Авиатор, Авиатор-2, Әуеқалашық тұрғын үй алаптары.

4

Алматы ауданы
Шекаралары 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы 44А оданәрі Кеңес Нокин атындағы даңғылының қиылысына дейін, Кеңес Нокин атындағы даңғылынан Елек өзенінің су қорғау аймағы бойымен, Кеңес Нокин атындағы даңғылына іргелес бау-бақша ұжымдарының жерлерін қоса алғанда, Д.Қонаев көшесінің қиылысына дейін, Д.Қонаев көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Н.Некрасов көшесінің қиылысына дейін, Н.Некрасов көшесімен Саралжын көшесінің қиылысына дейін, Саралжын көшесімен Бершүгір көшесінің қиылысына дейін, Бершүгір көшесімен Н.Қобландин көшесінің қиылысына дейін, Н.Қобландин көшесімен Т.Ахтанов көшесінің қиылысына дейін, Т.Ахтанов көшесімен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Ш.Уәлиханов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен А.Матросов көшесінің қиылысына дейін, А.Матросов көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен 8 наурыз көшесінің және Ломоносов көшесінің қиылысына дейін, Ақтөбе өндірістік технологиялар және басқару колледжінің, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің, № 42 мектептің, "Балдәурен" балабақшасы, темір жол вокзалының аумақтарын қоса алғанда, Ломоносов көшесімен 312 Атқыштар дивизиясы даңғылының қиылысына дейін.

5

Шекаралары Зауыт көшесімен элеватор аумағының солтүстік бөлігі бойымен, "Актюбрентген-1" бау-бақша ұжымы аумағының оңтүстік жағына дейін, "Актюбрентген-1" бау-бақша ұжымы аумағының оңтүстік жағынан стадион және мектепке дейінгі ұйымның аумағын қоса алғанда, Ойыл көшесіне дейін, Ойыл көшесімен Атырау көшесінің қиылысына дейін, Атырау көшесімен Зауыт көшесінің қиылысына дейін.

6

Шекаралары Ақтөбе су қоймасының, Елек өзені, Қарғалы және Сазды өзендері су қорғау аймақтары, Кірпішті тұрғын үй алабы, "Казахвзрывпром" АҚ аумағын қоса алғанда, теннис корты, Ақжар-2, Ақжар, Ақжар-1 тұрғын үй алаптары, Ақжар плюс бау-бақша ұжымы, Қарғала өзенінің бойындағы бау-бақша ұжымдары, Көктем, Балауса, Жібек жолы, Сарайшық, Қарғалы тұрғын үй алаптары, аурухананың шығыс жағындағы Қарғалы өзенінің су қорғау аймағының бойымен "Ақтөбе-Орск" бағытындағы тас жолындағы жерлерді қоспағанда, Ипподром аумағын, Рауан, Қызылжар, Украинка тұрғын үй алаптарын, Есет батыр шағын ауданын қоса алғанда.

7

II

Астана ауданы
Шекаралары Чернышевский көшесінен Жеңіс даңғылының қиылысына дейін, Жеңіс даңғылымен "АЗФ-2" бау-бақша ұжымының оңтүстік жағын бойлай Тургенев көшесінің қиылысына дейін, Тургенев көшесімен Ватутин көшесінің қиылысына дейін, Ватутин көшесімен М.Кутузов көшесінің қиылысына дейін, М.Кутузов көшесімен О.Кошевой көшесінің қиылысына дейін, О.Кошевой көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Өтеген Тұрмағамбетов көшесінің қиылысына дейін, Өтеген Тұрмағамбетов көшесімен Сәнкібай батыр даңғылының қиылысына дейін, гараж кооперативі мен № 40 орта мектеп аумағын қоса алғанда, А.Чекалин көшесінің қиылысына дейін, А.Чекалин көшесімен КА-168/2 мекемесінің шығыс жағына дейін, КА-168/2 мекемесінің шығыс жағынан О.Кошевой көшесінің қиылысына дейін, О.Кошевой көшесімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін, Т.Рысқұлов көшесімен Чернышевский көшесінің қиылысына дейін.

1,75

8

Кадастрлық кварталдар - 129 және 147.

9

Алматы ауданы
Шекаралары Д.Қонаев көшесінен Кеңес Нокин атындағы даңғылымен, әрі қарай "Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолының бойымен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін, В.Ф.Зинченко көшесімен, Лермонтов көшесімен Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесімен А.Матросов көшесінің қиылысына дейін, А.Матросов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысына дейін, Ш.Уәлиханов көшесімен Т.Ахтанов көшесінің қиылысына дейін, Т.Ахтанов көшесімен Н.Қобландин көшесінің қиылысына дейін, Н.Қобландин көшесімен Бершүгір көшесінің қиылысына дейін, Бершүгір көшесімен Саралжын көшесінің қиылысына дейін, Саралжын көшесімен Н.Некрасов көшесінің қиылысына дейін, Н.Некрасов көшесімен Шернияз Жарылғасұлы көшесінің қиылысына дейін, Шернияз Жарылғасұлы көшесімен Д.Қонаев көшесінің қиылысына дейін, Д.Қонаев көшесімен Кеңес Нокин атындағы даңғылының қиылысына дейін.

10

Жарық және Жарық-2 тұрғын үй алаптары, 41 разъездің аумағы.

11

Баянауыл, Аймекен тұрғын үй алаптары.

12

Кеңес Нокин атындағы тұрғын үй алабы.

13

III

Астана ауданы
Құрашасай, Қанағат, Сұлутөр, Жаңақоныс-4, Арман, Сазды, Сазды-2, Бауырластар, Бауырластар-2, Байқадам, Көкжиде тұрғын үй алаптары.

1,5

14

Кадастрлық квартал - 149 (әуежай ауданы).

15

Шекаралары Черепанов көшесінен С.Жаманқұлов көшесінің қиылысына дейін, С.Жаманқұлов көшесімен Сайым Балмұқанов көшесінің қиылысына дейін, одан әрі Сайым Балмұқанов көшесімен Н.Шайкенов көшесінің қиылысына дейін, Н.Шайкенов көшесімен Дальний тұйық көшесінің қиылысына дейін, Дальний тұйық көшесімен, "Көктау" мәдени-сауықтыру орталығының аумағын қоспағанда, темір жол желісі және Станционная көшесімен Черепанов көшесінің қиылысына дейін.

16

Алматы ауданы
Шекаралары Чернышевский көшесінен О.Кошевой көшесінің қиылысына дейін, О.Кошевой көшесінен Жіңішке өзені арнасы бойымен КА-168/2 мекемесінің аумағын қоса алғанда, солтүстік-батыс өнеркәсіптік ауданының аумағы, жобаланған Солтүстік көлік-логистикалық орталығы, индустриалдық өнеркәсіптік аймақ, солтүстік өнеркәсіптік ауданы, "СМП-555" кварталы, Қурайлы және Өрлеу тұрғын үй алаптары.

17

Кадастрлық квартал - 048.

18

Шекаралары В.Ф.Зинченко көшесінен темір жол бойымен "Ақтөбе-Қандыағаш" тас жолы бағытынан, № 406 әуе жөндеу зауытын, "Авиатор-1" гараж кооперативінің бір бөлігі аумақтарын қоса алғанда, Илецкая көшесіне дейін, Илецкая көшесімен А.Иманов көшесінің қиылысына дейін, А.Иманов көшесімен А.Пушкин көшесінің қиылысына дейін, А.Пушкин көшесімен Павлов көшесінің қиылысына дейін, Павлов көшесімен М.Арынов көшесінің қиылысына дейін, М.Арынов көшесімен М.Лермонтов көшесінің қиылысына дейін, одан әрі М.Лермонтов көшесімен В.Ф.Зинченко көшесінің қиылысына дейін.

19

IV

Алматы ауданы
Ақшат, Ақшат-2, Жайсаң, Пригородное, Садовое, Бекқұл баба тұрғын үй алаптары, Ақтасты көшесі.

1,25

20

V

Астана ауданы
Парасат және Думан тұрғын үй алаптары.

1,0

21

Алматы ауданы
Шилісай, Шилісай-1, Жекенді, Шығыс, Белогор, Өлке тұрғын үй алаптары.

22

VI

Инженерлік коммуникациялары жоқ бау-бақша ұжымдарының жерлері.

0,75

23

VII

"Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің жерлері, Серпін, Жаңа ауыл, Аралтоғай, Ақсу тұрғын үй алаптары және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.

0,50

  2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 350 облыстық мәслихаттың шешіміне 2-қосымша

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 165 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады