Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 13.03.2020 № 348 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Алға аудандық мәслихатының 2018 жылдың 01 наурыздағы № 148 "Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-151 тіркелген, 2018 жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
Л. Ю |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жұмабаев |
Алға аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 06 маусымдағы № 177 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 5 |