Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 148 шешімі. Ақтөбе облысы Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 наурызда № 3-3-151 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 177 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 06.06.2018 № 177 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Алға аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 "Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-137 болып тіркелген (2012 жылғы 28 ақпанда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған);

      2) Алға аудандық мәслихатының 2017 жылдың 26 сәуіріндегі № 94 "Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 "Алға ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5485 тіркелген (2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
И. Рущук
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады