Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 02.10.2018 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 11 маусымдағы № 2-6-04/116 ұсынысына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Нұрбұлақ ауылында орналасқан "Құлагер" шаруа қожалығының ұсақ мүйізді малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қарағаш ауылдық округінің әкімі | Н.Таженов |