Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 4 шілдеде № 3-3-168 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 02.10.2018 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 11 маусымдағы № 2-6-04/116 ұсынысына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Нұрбұлақ ауылында орналасқан "Құлагер" шаруа қожалығының ұсақ мүйізді малдарының арасында пастереллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қарағаш ауылдық округінің әкімі Н.Таженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады