Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылдың 06 қыркүйектегі № 2-6-04/183 санды ұсынысына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі, Нұрбұлақ ауылында орналасқан "Құлагер" шаруа қожалығы аумағында ұсақ мүйізді малдары арасында пастереллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-168 болып тіркелген, 2018 жыл 10 шілде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға аудандық Әдiлет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағаш ауылдық округінің әкімі | Н. Таженов |