Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ырғыз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 қарашадағы № 98 "Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3670 тіркелген, 2013 жылғы 26 қарашадағы аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған);
2) Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 36 "Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 98 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5069 тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйектегі аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған).
2. "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ырғыз аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Қ. Бөлек |
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы |
К. Қосаяқов |