Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2. 1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 98 " Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдары мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3670 тіркелген, 2013 жылы 26 қарашада аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
3. шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
4. "Ырғыз ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы".
5. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: |
И. СӘРСЕНБАЕВ |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: |
К. ҚОСАЯҚОВ |