Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 30.04.2019 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бадамша селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы" шешіміндегі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-92 тіркелген, 2010 жылдың 07 қаңтардағы "Қарғалы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімінің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі | Е. Дабилдин |