Ескерту. Шешімінің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 17.10.2018 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 26.07.2019 № 83 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1.Бадамша ауылдық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
1) Бірінші көшеге- Бөгембай батыр көшесі
2) Екінші көшеге- Бекет көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бадамша ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Ғ.Ағытаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бадамша ауылдық округінің әкімі | Ж.Оразбаев |