Бадамша ауылдық округі әкімінің 2018 жылға 17 қазандағы № 127 Бадамша селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 39 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 6125 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуіріндегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 127 "Бадамша селолық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Бадамша селолық округінің Кемпірсай станциясындағы көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-175 болып тіркелген, 2018 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күшін жойылды деп танылсын.

      2. "Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өтен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Бадамша ауылдық округінің әкімі Е. Дабилдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады