Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 01 қазандағы № 2-11-3/844 ұсынысы негізінде, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Родников ауылдық округінің Родников ауылы аумағында белгіленген ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруы бойынша ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілгендігіне байланысты, М. Қазкеев, Аққұдық көшелерін және "Арыстанғали", "Рахмет", "Сәби", "Мейрлан", "Ербол", "Ниет", "Даулет" шаруа қожалықтарын қоспағанда, шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Родников ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3-8-173 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 мамырдағы № 19 "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Родников ауылдық округінің әкімі | А. Күзенбаев |