Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. Нұрымов Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Молдашев |
Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы "2" наурыздағы № 189 шешіміне қосымша |
Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізбесі:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 101 "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-80 тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпанында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;
2. Хромтау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі № 195 "Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылдың 29 қаңтарындағы "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" №101 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-124 тіркелген, 2010 жылдың 2 қыркүйегінде аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;
3. Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 ақпандағы № 14 "Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 шілдедегі № 195 "Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылдың 29 қаңтарындағы "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 101 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-145 тіркелген, 2012 жылдың 1 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі;
4. Хромтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 88 "Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 101 "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5281 тіркелген, 2017 жылдың 9 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімі.