Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 02.03.2018 № 189 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы Кодексінің 422-бабын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.02.07 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.1. Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Айына салық салу бірлігі үшін тіркелен салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-80 тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 7 санында жарияланған) № 101 шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін:
шешімнің № 1 қосымшасындағы 1-ші жолдағы бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына арналған салық ставкасының мөлшері 12 айлық есептік көрсеткіштен 1 айлық есептік көрсеткішке;
2-ші жолдағы біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматына арналған салық ставкасының мөлшері 18 айлық есептік көрсеткіштен 1 айлық есептік көрсеткішке өзгертілсін.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Қ.Абиев | Д.Молдашев |