Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
1) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылдың 2 желтоқсандағы № 62 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемлері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 11сәуірдегі № 14 аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімі.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | О. Уксакбаев |
Шалқар аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Бигеев |