Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 182 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 наурызда № 3-13-177 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      1) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылдың 2 желтоқсандағы № 62 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемлері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 11сәуірдегі № 14 аудандық мәслихаттың шешіміне толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсандағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық мәслихаттың сессия төрағасы О. Уксакбаев
      Шалқар аудандық мәслихаттың хатшысы С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады