Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.02.2018 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386, 444 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Шалқар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4871 санымен тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағында:
"Шалқар ауданы бойынша" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | Ж. Сейтмағанбетова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Бигеев |