Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 01.03.2019 № 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
Алматы облысы бойынша 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2018 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің "2017 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 18 мамырдағы № 207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген және 2017 жылдың 02 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "09" қазандағы № 475 қаулысымен бекітілген 1-қосымша |
Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 | Күріш |
2 | Қант қызылшасы |
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы "09" қазандағы № 475 қаулысымен бекітілген 2-қосымша |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | 1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге |
1 | Күріш | 4 000,0 |
2 | Қант қызылшасы | 10 000,0 |