Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 09.10.2018 № 475 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 3-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
2016 жылға арналған Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес;
2016 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің "2016 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 19 шілдедегі № 395 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3905 тіркелген және 2016 жылдың 28 шілдесінде "Жетісу" және "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "18 "мамырдағы № 207 қаулысымен бекітілген 1-қосымша |
Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
№ р/с | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 | Күріш |
2 | Майбұршақ |
3 | Мақсары |
4 | Күнбағыс |
5 | Қант қызылшасы |
6 | Қорғалған топырақтағы көкөністер |
7 | Біржылдық шөптер |
8 | Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін биылғы жылдың көктемнің немесе өткен жылғы күздің егіс науқанында себілген көп жылдық шөптер |
9 | Сүрлемдік жүгері және күнбағыс |
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы "18" мамырдағы № 207 қаулысымен бекітілген 2-қосымша |
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы |
1 гектарға арналған | 1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге |
1 |
Күріш | 12000 | |
2 | Майбұршақ |
4000 | |
3 | Мақсары | 4000 | |
4 | Күнбағыс | 4000 | |
5 |
Қант қызылшасы | 9000 | |
6 | Біржылдық шөптер | 2500 | |
7 | Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін биылғы жылдың көктемнің немесе өткен жылғы күздің егіс науқанында себілген көп жылдық шөптер | 2500 | |
8 |
Сүрлемдік жүгері және күнбағыс | 2500 | |
9 |
Өнеркәсіп жылыжай кешенінде өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер | 3800000 | |
10 |
Фермерлік жылыжайда өсірілген қорғалған топырақтағы көкөністер | 1900000 |