2019 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 85 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 5 наурызда № 5064 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген) сәйкес, Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      Алматы облысы бойынша 2019 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

      2019 жылға арналған басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 1тоннаға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алматы облысы әкімдігінің "2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 09 қазандағы № 475 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4847 тіркелген және 2018 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" наурыз № 85 қаулысына 1-қосымша

Алматы облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі

№ р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1

Күріш

2

Қант қызылшасы

 
  Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы "1" наурыз № 85 қаулысына 2-қосымша

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары


р/с

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1 тоннаға арналған бюджеттік субсидияның нормасы, теңге

1

Күріш

4 000,0

2

Қант қызылшасы

10 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады