"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Дуйсебаев Руслан Ертаевичке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | Б. Унербаев |
Текелі қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "12 " наурыз "Текелі қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 47 қаулысына қосымша |
Текелі қаласы Аль-Фараби көшесі № 32 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А = Ц/Т/ 12 + Р
Ц = 423483200,0 теңге/4328,1 (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 97,845 тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 100 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 97,845:100:12+0 = 81,54 теңге айына бір шаршы метрге.