"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алакөл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 3-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3856 тіркелген, 2016 жылдың 28 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Алакөл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 27 наурыздағы № 15-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4199 тіркелген, 2017 жылдың 2 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының аппарат басшысы О. Ахметкалиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Ө. Ахметов |
Алакөл аудандық мәслихатының хатшысы | С. Жабжанов |