Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 25.06.2018 № 35-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі), 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Алакөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Депутаттық өкілеттілік, бюджет, экономика, заңдылықты сақтау, құқықтық қорғау және қоғамдық ұйымдармен байланыс" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | Қасымжанова А. |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Жабжанов С.Р. |
Алакөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы "27" наурыздағы "Алакөл аудыны бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 15-1 шешіміне қосымша |
Қызметін Алакөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері
Рет. № | Салық салу объектісінің атауы |
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы |
6 |
5. | Карт |
2 |
6. | Бильярд үстелі |
3 |