"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылащы ауылдық округінің Ж. Балапанов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылащы ауылдық округінің Ж. Балапанов ауылындағы "Қарасу" көшесі "Қажыбай Өмірбеков" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Т. Маманов |