Қызылащы ауылдық округінің Ж. Балапанов ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 15 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 5 қарашада № 4850 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылащы ауылдық округінің Ж. Балапанов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылащы ауылдық округінің Ж. Балапанов ауылындағы "Қарасу" көшесі "Қажыбай Өмірбеков" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Т. Маманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады