Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 12.12.2018 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 7 ұсынысының негізінде, Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бастөбе ауылдық округінің әкімі | Э. Ким |